2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша), 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен айналысқа шығарудың кейбір мәселелері туралы Хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 132-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда анағұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж ставкалары мөлшерлерінің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 коды бар позицияда үшінші бағанда "15" сілтемесінің белгісі "17" деген сілтеме белгісімен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 17-сілтемемен толықтырылсын:
"17 Кедендік әкелу бажының ставкасы 2023 жылғы 1 наурыздан бастап қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады:
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |