Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген 2022 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген 2022 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін 2024 жылғы І жарты жылдықта Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынылсын.
Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
---|