Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат ұсыну туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 1 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген 2022 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген 2022 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін 2024 жылғы І жарты жылдықта Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынылсын.

      Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз
Республикасынан
Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады