1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармақтың екінші абзацындағы "2017-2020 жылдары" деген сөздер "2017 – 2025 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комиссия жанынан Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) басшылығымен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.".
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
---|