Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4 Өкімі.

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-тармақтың екінші абзацындағы "2017-2020 жылдары" деген сөздер "2017 – 2025 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия жанынан Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) басшылығымен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.".

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз
Республикасынан
Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады