Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 57-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың 5-тармағына (көрсетілген Шартқа № 9 қосымша), Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы Хаттаманың 4-тармағының төртінші абзацына (көрсетілген Шартқа № 12 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9 және 21-тармақтарына сәйкес, және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2.12-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 Шешімімен бекітілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
8-тармақтың үшінші абзацының бірінші сөйлеміндегі "және сынақ зертханасымен (орталығымен) шарттың көшірмесін немесе сынақ зертханасының (орталығының) хатын қоса бере отырып" деген сөздер алып тасталсын;
16-тармақтағы "30 күнтізбелік" деген сөздер "15 жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген өзгерістер осы Шешім күшіне енген күннен бастап 12 ай ішінде қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |