Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімі

      Макроэкономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған:

      макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы;

      макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Тізбеде көзделген шараларды практикалық іске асыруға бағытталған актілердің жобаларын жедел дайындауды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қарауына енгізуді қамтамасыз етсін.

      3. Комиссия тізбені іске асыруға байланысты мәселелерді мыналарды негізге ала отырып жедел қарауды қамтамасыз етсін:

      кезектен тыс отырыс өткізу арқылы, оның ішінде бейнеконференция режимінде, сондай-ақ сырттай дауыс беру арқылы көрсетілген мәселелер бойынша Комиссия Кеңесінің актілерін қабылдау;

      отырыс өткізілетін күні көрсетілген мәселелер бойынша актілерді қабылдау және қол қою;

      қажет болған кезде көрсетілген мәселелер бойынша Комиссия Алқасы шешімдерінің күшіне ену мерзімін олар ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде белгілеу.

      4. Жұмыс тобы Тізбенің іске асырылу мониторингін және қажет болған кезде оны жаңартып отыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 12 өкімімен
БЕКІТІЛДІ

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру үшін жағдайлар
жасау жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

Армения Республикасынан

Керобян
Ваган Рубенович

Армения Республикасының Экономика министрі

Хачатрян
Оганнес Ваганович

Армения Республикасының Орталық Банкі Төрағасының орынбасары

Хачатрян
Тигран Апавенович

Армения Республикасының Қаржы министрі
 

Беларусь Республикасынан

Калечиц
Сергей Валерьевич

Первый Заместитель Председателя правления Национального банка Республики Беларусь
 

Селиверстов
Юрий Михайлович

Министр финансов Республики Беларусь
 

Червяков
Александр Викторович

Министр экономики Республики Беларусь

Қазақстан Республикасынан

Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қуантыров
Әлібек Сәкенұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Молдабекова
Алия Мейірбекқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

Қырғыз Республикасынан

Амангельдиев
Данияр Джолдошевич

Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі

Бакетаев
Алмаз Кушбекович

Қырғыз Республикасының Қаржы министрі
 

Чокоев
Заир Линарович

Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

Ресей Федерациясынан

Силуанов
Антон Германович

Ресей Федерациясының Қаржы министрі
 

Решетников
Максим Геннадьевич

Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі (жұмыс тобының жетекшісі)

Юдаева
Ксения Валентиновна

Ресей Федерациясы Орталық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары

Еуразиялық экономикалық комиссиядан

Бекетаев
Руслан Бақытжанұлы

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Глазьев
Сергей Юрьевич

Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Слепнев
Андрей Александрович

Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Еуразиялық даму банкінен

Подгузов
Николай Радиевич

Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 12 өкімімен
БЕКІТІЛДІ

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар
ТІЗБЕСІ

1. Кедендік, Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, қорғау шаралары

1.1

Кедендік әкелу баждарының ставкаларын төмендету және сыни импорт тауарларына тарифтік жеңілдіктер беру (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) ұсыныстары бойынша)

1.2

Одақтың ішкі нарығының тұтастығын сақтау үшін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік емес реттеудің (экспортқа тыйым салу және сандық шектеу) бірыңғай шараларын қабылдау

1.3

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 2-тармағында көзделген мақсаттарда айқындалатын тарифтік преференциялар алу және тауарлардың преференциялық емес шығарылуын растау рәсімін оңайлату мақсатында тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды беру тәртібін оңайлату

1.4

Кедендік операцияларды жасау мерзімдерін қысқартуға және оларды оңайлатуға бағытталған шаралар қабылдау, оларға мыналар кіреді:
өздеріне қатысты кедендік операциялар бірінші кезекте жасалатын, тез бүлінуге ұшырайтындарын қоса алғанда, тауарлар санаттарының тізбесін кеңейту;
өздеріне қатысты уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2 жылдан астам болып белгіленетін тауарлардың қосымша санаттарын айқындау қажеттілігін пысықтау;
кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша болу және пайдалану мерзімдерін ұзарту қажеттілігін пысықтау;
тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесін кеңейту (мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша)

1.5

Өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы жаңартылған және дәйекті анық алмасу мақсатында кеден саласындағы Одақтың бірінші кезектегі жалпы процестерін іске асыру

1.6

Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты пайыздарды төлемей кедендік әкелу бажын төлеу бойынша 6 айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну үшін қосымша негіздерді (Одақ Кеден кодексінің 59-бабының 2-тармағында белгіленген негіздерге қатысты) айқындау

1.7

Өзара саудада тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың түпнұсқаларын ұсынуға қойылатын талаптардың күшін жою және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 11 тапсырмаларын іске асыруды жеделдету

1.8

Ішкі нарықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) алаңында мүше мемлекеттер уақытша шұғыл шектеу шараларын енгізген кезде, оның ішінде мүше мемлекеттердің сыни импорт тауарларына және өзара саудада тауарларды жедел жеткізуге қажеттіліктерін қамтамасыз етудің ықтимал нұсқаларын әзірлеу үшін жедел кеңестер өткізу

1.9

Тиісті негіздер болған кезде ішкі нарықты қорғаудың жекелеген шараларының қолданылуын уақытша тоқтата тұру

2. Ішкі нарық және ынтымақтастық

2.1

Жаңа логистикалық тізбектерді қалыптастыру (Одақ аумағында экспорт пен импорттың жаңа арналары, мультимодальдық көлік дәліздері, басым бағыттарда жүк тасымалдауды жүзеге асырудың қолайлы режимін құру, оның ішінде маршрутты айқындау, көлік қозғалысы кестесіндегі басымдық, жеңілдікті тарифтік жағдайлар, әкімшілік рәсімдерді оңайлату, теңіз контейнерлік желілерінің бірлескен операторларын құру, бірлескен логистикалық қоймалар және тарату орталықтарын құру бойынша ықтимал мәселелерді пысықтау)

2.2

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау кезінде Одақ шеңберінде мүше мемлекеттер азаматтарының кедергісіз жүріп-тұруы үшін жағдайлар жасау

2.3

Әуе кемелерін құрастыру, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі және авиақұрамдастарды, жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектерді өндіру жөніндегі жергіліктендірілген қуаттарды құру, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан және олардың шаруашылық жүргізуші субъектілері пайдаланатын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі орталықтардың сертификаттаудан өту рәсімін жеделдету (оңайлату) жөніндегі жұмысты мүше мемлекеттердің ұйымдастыруы

2.4

Жаңа кооперациялық тізбектер құруды ынталандыру және оларды қаржыландыру жөніндегі, оның ішінде халықаралық қаржы институттары арқылы қаржыландыру жөніндегі тетіктерді жетілдіруді қоса алғанда, іріктеудің нақты және тиімді өлшемшарттарын айқындай отырып, экономиканың ішкі орнықтылығына ықпал етуі мүмкін кооперациялық жобалардың тізбесін айқындау

2.5

Мүше мемлекеттердің экономикасына өзара инвестицияларды ынталандыру

2.6

Бірінші қажетті тауарларға қатысты индикативтік (болжамды) баланстарды, Одақтың ішкі нарығында тиісті тауарлардың жеткілікті ұсынысын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

2.7

Мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Одақ шеңберінде енгізілетін өнімге қойылатын жаңа міндетті талаптардың күшіне ену мерзімдерін және осындай талаптарға қатысты өтпелі кезеңдердің қолданылу мерзімдерін оңтайландыру

2.8

Мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, тауарлардың белгілі бір тізбесіне қатысты тауар белгісіне құқықтың сарқылуының өңірлік қағидатын қолданудан алып тастауды белгілеу

2.9

Өндірістерді, оның ішінде жекелеген мүше мемлекеттердің ұлттық шешімдеріне сәйкес импортты алмастыратын өндірістерді дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға, оларды қаржыландыру жөніндегі, оның ішінде халықаралық қаржы институттары арқылы қаржыландыру жөніндегі тетіктерді жетілдіруді қоса алғанда, инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау

2.10

Мүше мемлекеттердегі өндірістік процестердің технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі нарықта тауарлардың тұрақты ұсынысын қолдау мақсатында Одақ шеңберінде және ұлттық деңгейде көзделген өнімге қойылатын міндетті талаптарды, сәйкестікті бағалау рәсімдерін, сондай-ақ оны айналысқа (айналымға) шығару қағидаларын оңтайландыру (оның ішінде күшін жою, қайта қарау, қабылдау)

2.11

Одақ шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін оңтайландыру (оның ішінде ұлттық тіркеу куәліктерінің қолданылуын сақтау мәселесін пысықтау), сондай-ақ мүше мемлекеттердің халқын қажетті дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының ерекшеліктерін уақытша негізде енгізу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеудің ұлттық рәсімдерін қолдану мүмкіндігін ұзарту (жаңарту)

2.12

Мүше мемлекеттер арасында тауарлардың өткізілуін және тауар ағындарының, оның ішінде үшінші елдерге (елдерден) өткізілетін транзитті жеделдету тәсілдерін әзірлеу

2.13

Тауар ағындарының өтуін жеделдету мақсатында мүше мемлекеттер арасында (мүше мемлекеттердің ешқайсысымен ортақ шекарасы жоқ бір мүше мемлекеттің (немесе оның бір бөлігінің) аумағынан басқа мүше мемлекеттің (немесе оның бір бөлігінің) аумағына) тауарларды өткізу үшін жағдайлар жасау, оның ішінде бақылаудың жекелеген түрлерін оңтайландыру

2.14

ЭЦҚ-ны өзара тану және банк кепілдіктері мәселелерін қоса алғанда, мүше мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар кешенін жедел қалыптастыру

2.15

Мыналардың қолданылу мерзімін ұзарту:
Комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешіміне және Мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімінің 1 күнтізбелік жылға арналған тізілімдік жазбасына сәйкес берілген сараптама актісі;
2023 жылғы 30 маусымға дейін ТМД-да тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес Комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешіміне № 1.1-қосымшаға сәйкес Тізбеге енгізілген тауарлардың шығарылған елін растаудың көзделген тетігі.

2.16

Мүше мемлекеттердің қуып жетуші экономикаларын дамыту үшін негізделген нысаналы қаржыландыру тетіктері мен бағдарламаларын әзірлеу

3. Қаржы және валюта нарықтары

3.1

Өзара сауда шеңберінде есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейту

3.2

Инвесторлардың, сондай-ақ мүше мемлекеттер резиденттерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде бір немесе бірнеше тараптар енгізген қаржылық тұрақтылықты қолдау үшін шаралардың қолданылуы жағдайларында қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді әзірлеу

3.3

Ұлттық валюталардағы есеп айырысу тетігін және кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын мүше мемлекеттердің кірісіне, оның ішінде Мемлекетаралық банктің есеп айырысу-клиринг жүйесін ықтимал пайдалана отырып аудару тәртібін пысықтау

3.4

Қаржылық хабарларды берудің ұлттық жүйелерінің (олар болған кезде) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету

3.5

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын жедел қалыптастыру және оның жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік актілерді қабылдау

3.6

Барлық мүше мемлекеттерде экономикалық дамуды жеделдетуге екпін бере отырып, даму институттарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

4. Үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен халықаралық экономикалық ынтымақтастық

4.1

Одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту тетіктерін пысықтау

4.2

Одақтың негізгі серіктестерімен Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шартта көзделген тәртіппен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы келісімдер жасасу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады