Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 кодымен сыныпталатын контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "70С)" сілтеме "78С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
70С ескертпесінің күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 78С ескертпесімен толықтырылсын:
"78С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.03.2023 бастап 31.12.2023 дейінгі мерзімді қоса алғанда қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемері қолданылатын тауарлардың тізбесіне және контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді және 2023 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |