Навигациялық пломбалар пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын қадағалау объектілерін тасымалдаудың бірегей нөмірінің құрылымы туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № 40 шешімі.

      2022 жылы 19 сәуірде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 7-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Навигациялық пломбаларды қолдана отырып жүзеге асырылатын қадағалау объектілерін тасымалдаудың бірегей нөмірінің UUID (Universally Unique IDentifier) стандартына сәйкес генерацияланған (қалыптастырылған) 36 символдық сәйкестендіргішінің мынадай құрылымы болады деп белгіленсін:

      xxxxxxxx-xxxx-xxxx-xxxx-xxxxxxxxxxxx,

      мұнда:

      "х" мына мәндердің бірін: A, B, C, D, E, F, a, b, c, d, e, f, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 қабылдауы мүмкін;

      "-" – дефис.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енген күнінен кейін ғана күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

О структуре уникального номера перевозки объектов отслеживания, осуществляемой с применением навигационных пломб

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 28 марта 2023 года № 40.

      В соответствии с абзацем вторым пункта 4 статьи 7 Соглашения о применении в Евразийском экономическом союзе навигационных пломб для отслеживания перевозок, подписанного 19 апреля 2022 г., Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Установить, что уникальный номер перевозки объектов отслеживания, осуществляемой с применением навигационных пломб, имеет следующую структуру 36-символьного идентификатора, сгенерированного (сформированного) в соответствии с реализацией стандарта UUID (Universally Unique IDentifier):

      xxxxxxxx-xxxx-xxxx-xxxx-xxxxxxxxxxxx, где:

      "х" может принимать одно из следующих значений: A, B, C, D, E, F, a, b, c, d, e, f, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9;

      "-" – дефис.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу Соглашения о применении в Евразийском экономическом союзе навигационных пломб для отслеживания перевозок, подписанного 19 апреля 2022 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович