2022 жылы 19 сәуірде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 7-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:
1. Навигациялық пломбаларды қолдана отырып жүзеге асырылатын қадағалау объектілерін тасымалдаудың бірегей нөмірінің UUID (Universally Unique IDentifier) стандартына сәйкес генерацияланған (қалыптастырылған) 36 символдық сәйкестендіргішінің мынадай құрылымы болады деп белгіленсін:
xxxxxxxx-xxxx-xxxx-xxxx-xxxxxxxxxxxx,
мұнда:
"х" мына мәндердің бірін: A, B, C, D, E, F, a, b, c, d, e, f, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 қабылдауы мүмкін;
"-" – дефис.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енген күнінен кейін ғана күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |