2014 жылы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 2-тармақта:
"в) тармақшасында:
үшінші абзацтағы "2023 жылғы 31 наурызда" деген сөздер "2023 жылғы 30 маусымда" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "2023 жылғы 31 мамырда" деген сөздер "2023 жылғы 31 тамызда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ж) тармақшасында:
бірінші абзацтағы "2023 жылғы 1 сәуірде" деген сөздер "2023 жылғы 1 шілдеде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтардағы "2023 жылғы 31 наурызда" деген сөздер "2023 жылғы 30 маусымда" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 34-тармақта:
"2023 жылғы 31 наурызда" деген сөздер "2023 жылғы 30 маусымда" деген сөздермен ауыстырылсын;;
"2023 жылғы 31 мамырда" деген сөздер "2023 жылғы тамызда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |