Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 24-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 41 шешімімен бекітілген Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 52 шешіміне ҚОСЫМША |
Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету тәртібіне енгізілетін
Ө З Г Е Р І С Т Е Р
1. 3-тармақта:
а) бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"зиянды организмді диагностикалау" – зиянды организмді анықтау және сәйкестендіру процесі;
б) бесінші абзац "организмдердің" деген сөздерден кейін ", сыпырындысын, үстіңгі беттің шайындысын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 13-тармақтағы "жаңа піскен жемістер, көкөністер, жидектер, саңырауқұлақтар, жасыл дақылдар, кесілген гүлдер, бүршік жарған бұтақтар және сәндік мақсаттағы өсімдіктердің өзге де бөліктері" деген сөздер "тұқымдық және екпе материалдарды қоспағанда, карантиндік өнімдер" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 131-тармақтағы "Өсімдіктердің тұқымдық және отырғызу материалдарының үлгілері (сынамалары)" деген сөздер "Карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу кезінде пайдаланылмаған карантинге жатқызылған өнім үлгілерінің (сынамаларының) қалдықтары және" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 16-тармақтағы "болып табылатын зерттеулер" деген сөздер "болып табылатын зерттеулердің нәтижелері туралы зерттеудің және (немесе) есептің" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 17-тармақ электронды түрде рәсімделуі мүмкін" деген сөздермен толықтырлсын.
6. 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "18. Іріктеуді, тіркеуді, карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізуді растайтын құжаттар және карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік фитосанитариялық қорытындысы, оның ішінде электрондық түрде ресімделген қорытындысы карантиндік фитосанитариялық (сынақ) зертханасында немесе өзге орында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес карантиндік фитосанитариялық сараптаманы жүргізу аяқталғаннан кейін кемінде 1 жыл сақталады.".
7. Аталған Тәртіпке № 2 қосымшада:
а) І бөлімнің 1-кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 151 және 152 -тармақтармен толықтырылсын:
"151. Біріктірілген термогигрометр |
қысымды өлшеу қажет болған кезде ауаның ылғалдылығы мен температурасын өлшеу | |||
152. Температура логгері | тоңазытқыштағы және қажет болған жағдайда мұздатқыш камерадағы температураны өлшеу үшін пайдалану."; | |||
б) ІІ бөлімнің 1 кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 701 және 702 -тармақтармен толықтырылсын: | ||||
"701. Біріктірілген термогигрометр |
қысымды өлшеу қажет болған кезде ауаның ылғалдылығы мен температурасын өлшеу | |||
702. Температура логгері | тоңазытқыштағы және қажет болған жағдайда мұздатқыш камерадағы температураны өлшеу үшін пайдалану."; |
| ||
в) III бөлімнің 1-кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 1081 және 1082-тармақтармен толықтырылсын: | ||||
"1081. Біріктірілген термогигрометр |
қысымды өлшеу қажет болған кезде ауаның ылғалдылығы мен температурасын өлшеу | |||
1082. Температура логгері | тоңазытқыштағы және қажет болған жағдайда мұздатқыш камерадағы температураны өлшеу үшін пайдалану."; | |||
г) VI бөлімнің 1 кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 1561 және 1562-тармақтармен толдықтырылсын: | ||||
"1561. Біріктірілген термогигрометр |
қысымды өлшеу қажет болған кезде ауаның ылғалдылығы мен температурасын өлшеу | |||
1562. Температура логгері | тоңазытқыштағы және қажет болған жағдайда мұздатқыш камерадағы температураны өлшеу үшін пайдалану."; | |||
д) VI бөлімде: | ||||
"2241. Біріктірілген термогигрометр |
қысымды өлшеу қажет болған кезде ауаның ылғалдылығы мен температурасын өлшеу | |||
2242. Температура логгері | тоңазытқыштағы және қажет болған жағдайда мұздатқыш камерадағы температураны өлшеу үшін пайдалану."; |
______________