Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу туралы хаттаманың 9-тармағының 3-тармақшасына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 10 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 16-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Өлшеу құралдарын калибрлеуді ұйымдастырудың қоса беріліп отырған Тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң, бірақ өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерін өзара тану мәселесіне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес уақытта күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 84 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Өлшеу құралдарын калибрлеуді ұйымдастыру ТӘРТІБІ
1. Осы тәртіп қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, одақ) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген қызмет салаларында өлшеу құралдарын калибрлеуді (бұдан әрі – калибрлеу) ұйымдастыру қағидаларын белгілейді:
а) өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің және өнімнің сандық көрсеткіштерін өлшеудің талаптарына сәйкестігін өлшеу нәтижелері мен бағалау нәтижелерінің салыстыру шарттары;
б) бірліктердің халықаралық жүйесіне (БЖ), мүше мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық (бастапқы) эталондарына және (немесе) шама бірліктерінің халықаралық эталондарына қатысты алынған өлшем нәтижелерінің метрологиялық қадағалануы;
в) мүше мемлекеттердің аумақтарында дайындалған өлшеу құралдарын калибрлеу нәтижелерін мүше мемлекеттерде өзара тану үшін шарттар.
2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"калибрлеу белгісі" – нысаны мен мазмұны бойынша мүше мемлекетте белгіленген талаптарға сәйкес келетін калибрлеу нәтижелерін куәландыратын шартты белгі;
"калибрлеу аралығы" – қатарынан екі калибрлеу арасындағы уақыт аралығы немесе атқарымы;
"калибрлеу әдістемесі" – калибрлеуді жүргізу рәсімін сипаттайтын құжат;
"метрологиялық талаптар" – мүше мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық (бастапқы) эталондарының, шама бірліктерінің халықаралық эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшеу нәтижелеріне әсер ететін өлшеу құралдарының сипаттамаларына және осы сипаттамалар қамтамасыз етілуі тиіс жағдайларға қойылатын сандық және (немесе) сапалық талаптар (ауызша және (немесе) цифрлық көрсеткіштер, нормативтер, ережелер, жіктемелер, ауызша және графикалық сипаттамалар).
Осы тәртіппен пайдаланылатын өзге де ұғымдар өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы хаттамада айқындалған мәндерде қолданылады (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 10 қосымша).
3. Калибрлеу осы Тәртіпке сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда мынадай орындаушылармен жүргізіледі:
а) ұлттық метрологиялық институттар беретін калибрлеу мен өлшеудің ұлттық эталондары мен сертификаттарын өзара тану туралы Келісімнің қатысушылары болып табылатын ұлттық метрологиялық институттар, олардың калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері туралы мәліметтер халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының негізгі салыстырулар дерекқорының тиісті бөлімдерінде жарияланған;
б) ISO/IEC 17025 "сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" халықаралық стандартына (бұдан әрі – мемлекетаралық стандарт) ұқсас мемлекетаралық стандарттың ережелеріне сәйкес калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлер) ретінде тіркелген жеке тұлғалар, өз мемлекетін (немесе өзге мемлекеттің, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе) аккредиттеу жөніндегі органдар, зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның (ILAC) және (немесе) аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйымның мүшелері және MRA (Mutual Recognition Agreement) аккредиттеуді өзара тану туралы келісімнің және (немесе) басқа өңірлік Келісімнің қатысушылары болып табылады;
в) калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттелмеген, бұл ретте мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекетаралық стандарттың ережелеріне сәйкес өз құзыретін растайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер. Аталған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер осы Тәртіпті өз еркімен қолдана алады.
4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін орындаушылар:
бірліктердің халықаралық жүйесіне (БЖ), мүше мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық (бастапқы) эталондарына және (немесе) шама бірліктерінің халықаралық эталондарына қатысты олардың көмегімен алынатын өлшем нәтижелерінің метрологиялық қадағалануы қамтамасыз етілетін шама бірліктерінің эталондары қолданылады;
орындаушылар үшін техникалық тұрғыдан алғанда бірліктердің халықаралық жүйесіне (СИ) қатысты метрологиялық қадағалауды белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, мемлекетаралық стандартқа сәйкес салыстыру үшін негіздерге метрологиялық қадағалауды қолдайды.
5. Калибрлеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
а) өндірістен өлшеу құралдарын шығару кезінде;
б) өлшеу құралдарын пайдалануға беру кезінде (егер өлшеу құралдарын өндірістен шығару кезінде калибрлеу жүргізілмесе);
в) өлшеу құралын жөндеуден кейін;
г) өлшеу құралдарын пайдалану кезінде;
д) өлшем құралдарын Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде.
6. Пайдаланудағы өлшеу құралдары мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін кезеңділікпен калибрлеуге жатады.
Калибрлеуді жүргізудің калибрлеу аралық интервалын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, оның ішінде метрологиялық талаптардың сақталуын ескере отырып қолданатын өлшеу құралдарының иесі немесе пайдаланушысы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) белгілейді.
7. Калибрлеу Тапсырыс берушінің өтінімі негізінде жүргізіледі.
8. Калибрлеуді жүргізу үшін Тапсырыс беруші өлшеу құралдарын және қажетті көлемде құжаттар жиынтығын, оның ішінде мүше мемлекетте пайдаланылатын нысан бойынша жасалған өтінімді және калибрлеу әдістемесін (бар болса) Орындаушыға ұсынады.
Калибрлеуді жүргізу нәтижелері бойынша басқа мүше мемлекеттерде өлшеу құралының спецификацияда, стандартта, өлшеу құралы түрінің сипаттамасында (бар болса) баяндалған метрологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес .стігі) туралы қорытынды беру үшін бір мүше мемлекетте алу қажет болған кезде өтінімге қандай метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу қажет екендігі туралы мәліметтер енгізіледі.
9. Калибрлеу калибрлеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі:
халықаралық заңнамалық метрология ұйымының ұсынымдарында, сондай-ақ халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық (мемлекеттік) стандарттарда баяндалған;
мемлекетаралық стандарттың ережелеріне сәйкес калибрлеуді жүргізетін әзірленген заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер.
10. Калибрлеу нәтижелері мемлекетаралық стандарттың ережелеріне сәйкес ресімделген калибрлеу куәлігімен (сертификатымен) және (немесе) калибрлеу белгісімен куәландырылады, ол өлшеу құралына жазылады және (немесе) өлшеу құралының паспортына осы үшін көзделген орынға қойылады (Тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша).
11. Егер Тапсырыс берушінің өтінімінде осы Тәртіптің 8-тармағында көзделген қорытындыны алу және калибрлеу куәлігіне (сертификатына) тиісті мәліметтерді енгізу қажеттілігі көрсетілген жағдайда, мұндай құжатқа өлшеу құралының метрологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы жазба енгізіледі.
12. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, калибрлеу хаттамасын және калибрлеу куәлігінің (сертификатының) көшірмелерін Орындаушы калибрлеу аралық интервал ішінде сақтайды.
13. Калибрлеу хаттамасының көшірмесін Орындаушы Тапсырыс берушіге Орындаушы көздеген тәртіппен сұрау салу бойынша ұсынады.
14. Калибрлеу куәлігі (сертификаты) жоғалған немесе бүлінген жағдайда орындаушы сұрау салу бойынша телнұсқа береді. Бұл ретте телнұсқаның жоғарғы оң жақ бұрышында калибрлеу куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасының нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, "Телнұсқа 20 жылы берілді" деген жазба жазылады.
15. Калибрлеу куәлігінде (сертификатта) қателер (қате басылу) анықталған жағдайда оны калибрлеудің жаңа куәлігімен (сертификатта) ауыстыруға жол беріледі, онда калибрлеуді жүргізудің нақты күні ауыстыруға жатпайды, қосымша жаңа куәліктің (сертификатта) берілген (куәліктің (сертификаттың) нөмірі және оның берілген күні) күні, оның берілу себебі және бұрын берілген куәлік (сертификатта) туралы мәліметтер көрсетіледі.