2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 1605 40 000 1 кодымен сыныпталатын нетто-массасы 2 кг артық бастапқы орамдағы жылумен өңдеуге ұшыраған криль етіне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 1605 40 000 1 кодты позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпедегі "3С)" деген сілтеме "79С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 79С ескертпемен толықтырылсын:
"79С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 96 шешімі күшіне енген күннен бастап 30.09.2024 жылға дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің криль етіне қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |