2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 11-бабы 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған кезде мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін тасымалдауды қадағалайтын ұлттық оператордың, штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілген басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларының, уәкілетті операторларының (органдарының), бақылаушы органдардың олар тиісті ақпаратты алған кездегі іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық Экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 120 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған кезде мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін тасымалдауды қадағалайтын ұлттық оператордың, штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілген басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларының, уәкілетті операторларының (органдарының), бақылаушы органдардың олар тиісті ақпаратты алған кездегі іс-қимыл жасау ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектілерін тасымалдауды қадағалайтын ұлттық операторлардың (бұдан әрі тиісінше – тасымалдау, мүше мемлекеттер), штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекетті жүзеге асырған кезде басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторлары мен уәкілетті операторларының (органдары), сондай-ақ штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілген мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарының іс-қимыл жасау қағидаларын айқындайды.
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Егер тасымалдауды қадағалау кезінде аумағында тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломба пайдаланылса және мұндай ақпараттық жүйеде тасымалдауды қадағалау барысында алынған штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) рұқсатсыз әрекеттің жүзеге асырылуы туралы ақпарат тіркелген болса, көрсетілген ұлттық оператор алынған ақпаратты өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) (ұлттық оператор мен уәкілетті оператор (орган) бір тұлға болып табылатын жағдайды қоспағанда) мүмкіндігінше қысқа мерзімде беруді жүзеге асырады.
4. Егер тасымалдауды қадағалау кезінде аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекетке қарағанда өзге мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломба пайдаланылса, штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) санкцияланбаған әрекетті жүзеге асыру туралы ақпарат навигациялық пломба тіркелген мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркеледі және осындай ұлттық оператор өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) жібереді.
Мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін оны аумағында осындай тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) жібереді.
5. Штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы ақпаратты алғаннан кейін аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) мұндай ақпаратты аумағында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) мүмкіндігінше қысқа мерзімде жібереді.
6. Туындаған штаттан тыс жағдайдың салдарын жою және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған жағдайда қажетті ден қою шараларын қабылдау мақсатында аумағында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы), аумақтары бойынша бақылау объектілері тасымалданып жатқан (тасымалданатын) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларымен (органдарымен), сондай-ақ өзінің мүше мемлекетінің бақылаушы органымен және Ұлттық операторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
7. Аумағында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес ақпарат алғаннан кейін 30 минут ішінде:
а) қадағалау объектілерінің орналасқан жерін, ал навигациялық пломбамен байланыс болмаған жағдайда – навигациялық пломбамен соңғы ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша қадағалау объектілерінің орналасқан жерін белгілейді;
б) навигациялық пломбамен болған оқиғаға байланысты осы ақпаратты растауға байланысты іс-қимылдарды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда автомобиль көлік құралының жүргізушісімен (теміржол тасымалдаушысымен) байланысады және штаттан тыс жағдайдың туындау және (немесе) санкцияланбаған әрекетті жүзеге асыру мән-жайларын нақтылайды;
в) бұл ақпарат расталған жағдайда не 30 минут ішінде автомобиль көлік құралының жүргізушісімен (теміржол тасымалдаушысымен) байланыс мүмкін болмаған жағдайда штаттан тыс жағдайдың туындағаны және (немесе) санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы хабарлама қалыптастырады және өз мүше мемлекетінің бақылаушы органына, сондай-ақ осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес аумақтары бойынша бақылау объектілері тасымалданып жатқан (тасымалданатын) мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына) жібереді.
8. Аумағында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған мүше мемлекеттің бақылаушы органы:
а) өз мүше мемлекетінің уәкілетті операторын (органын) штаттан тыс жағдайдың туындағаны және (немесе) санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы хабарламаның қабылданғаны туралы хабардар етеді;
б) туындаған штаттан тыс жағдайға және (немесе) жүзеге асырылған санкцияланбаған әрекетке, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып ден қою жөнінде қажетті іс-шаралар жүргізеді;
в) ден қою бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша туындаған штаттан тыс жағдайға және (немесе) жүзеге асырылған санкцияланбаған әрекетке өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторын (органын) мынадай шешімдердің бірі туралы:
пломбалау элементін жабу қажеттілігі туралы;
навигациялық пломбаны сөндіру қажеттілігі және осындай пломбаны қолдана отырып, тасымалдауды қадағалауды аяқтау туралы;
навигациялық пломбаны және (немесе) навигациялық пломбаны пломбалау элементін ауыстыру қажеттілігі туралы;
тасымалдауды жалғастыру туралы (оның ішінде тасымалдау шарттарына байланысты навигациялық пломбаның теңшелетін параметрлерін өзгерту арқылы) хабардар етеді.
9. Егер аумағында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) өз мүше мемлекетінің бақылаушы органы тасымалдауды жалғастыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар еткен жағдайда, штаттан тыс жағдайдың туындағаны және (немесе) осы тасымалдау барысында санкцияланбаған әрекеттің жүзеге асырылуы туралы қайта хабарлама жіберілмейді.
10. Егер өзіне қатысты штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған қадағалау объектісі осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғанға дейін аумағында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) санкцияланбаған әрекет жүзеге асырылған мүше мемлекеттің аумағынан кеткен жағдайда, осындай мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) – аумағында осындай тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) арқылы бұл туралы аумағында бақылау объектісі орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) хабарлайды.