2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 11-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 49-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтары бойынша қадағалау объектілерінің жүру (тасымалдау) жолында туындаған мынадай жағдайлар штаттан тыс жағдайларға жатады деп айқындалсын:
а) навигациялық пломбаны пломбалау элементінің тұтастығын бұзу (навигациялық пломбаны көзбен шолып қарау кезінде не навигациялық пломбамен берілетін деректердің негізінде айқындалады және кейіннен бұл жағдай туралы ақпаратты өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесі арқылы аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесіне бере отырып, ол тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде бекітіледі);
б) навигациялық пломбаның электрондық блогы корпусының тұтастығын бұзу (навигациялық пломбаны көзбен шолып қарау кезінде не навигациялық пломбамен берілетін деректердің негізінде айқындалады және кейіннен бұл жағдай туралы ақпаратты өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесі арқылы аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесіне бере отырып, ол тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде бекітіледі);
в) бақылау объектісін осы мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдау кезінде автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын тасымалдаудың жүру маршрутынан 50 км-ден астам қашықтыққа ауытқуы (мұндай маршрутты мүше мемлекеттің бақылау органы белгілеген жағдайда). Көрсетілген параметрді бақылау органы тасымалдау шарттарына байланысты өзгерте алады.
Тасымалдаудың белгіленген маршруттан ауытқуы ұлттық операторы тасымалдауды қадағалауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
г) навигациялық пломбаның ақауы, оның ішінде құжаттарды (мәліметтерді) навигациялық пломбаға беруге кедергі келтіретін ақауы (кейіннен бұл жағдай туралы ақпаратты өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесі арқылы аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесіне бере отырып, ол тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде бекітіледі);
д) навигациялық пломбаның қоректендіру көзі (аккумуляторы) зарядының деңгейі 15 пайыздан төмен (кейіннен бұл жағдай туралы ақпаратты өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесі арқылы аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесіне бере отырып, ол тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде бекітіледі);
е) тасымалдауды қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті операторға (органға) навигациялық пломбаның технологиялық деректері бар хабарламалардың ақпараттық жүйесінде осындай навигациялық пломба тіркелген навигациялық пломба мен ұлттық оператор арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың бір-бірінен кейінгі 2 кезеңі ішінде түспеуі (аумағында тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторының (органының) ақпараттық жүйесінде бекітіледі):
15 минутта 1 рет (Беларусь Республикасының аумағында жылжу үшін);
30 минутта 1 рет (Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағында жылжу үшін);
сағатына 1 рет (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтарында жылжу үшін).
Көрсетілген параметрлерді бақылау органы тасымалдау жағдайларына байланысты 1-ден 120 минутқа дейінгі диапазонда өзгерте алады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |