Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 46-бабына және үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы Хаттаманың 4 және 37-тармақтарына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 7-қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесінің 2.12-бөліміне (2015 жылғы 21 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 30-шешіміне № 2-қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 135-шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.12-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. I тізім мынадай мазмұндағы 37913 – 37923-тармақтармен толықтырылсын:
"37913. Изотонитазен | 2-(5-Нитро-2-((4-(пропан-2-ил) оксифенил) метил)-1H-бензимидазол-1-ил)-N,N-диэтилэтан- 1-амин | 2933 99 800 8 | ||
37914. CUMYL-PEGACLONE | заттың туындысы BzCBM-01 | 2933 99 800 8 | ||
37915. MDMB-4en-PINACA | заттың туындысы 2-(1-бутил-1Н-индазол-3-карбоксамидо) сірке қышқылы | 2933 99 800 8 | ||
37916. 3-метоксифенциклидин | заттың туындысы 1-Фенил циклогексиламин | 2933 39 980 0 | ||
37917. Дифенидин | заттың туындысы N-метил-1,2-дифенилэтиламин | 2933 39 980 0 | ||
37918. Клоназолам | 2933 99 800 1 | |||
37919. Диклазепам | 2933 99 800 1 | |||
37920. Флубромазолам | 2933 99 800 1 | |||
37921. Брорфин | 2933 39 980 0 | |||
37922. Метонитазен | 2933 39 980 0 | |||
37923. Эутилон | заттың туындысы FLEA | 2932 99 000 0". |
2. II тізім мынадай мазмұндағы 242 – 244-тармақтармен толықтырылсын:
"242. 4-АР | 2933 39 980 0 | ||
243 . 1-boc-4-AP | 2933 39 980 0 | ||
244. Норфентанил | 2933 39 980 0 ". |