Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан № 1-қосымшаға сәйкес субпозициялар алып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына № 2-қосымшаға сәйкес позициялар енгізілсін;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшемелері № 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 31 қазандағы № 153 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан алынып тасталатын СУБПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3105 30 000 0 | – диаммоний сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты) | – |
3105 40 000 0 | – аммоний диводородфосфаты (моноаммоний фосфаты) және оның диаммоний сутегі фосфатымен (диаммоний фосфаты) қоспасы | – |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 31 қазандағы № 153-шешіміне № 2-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3105 30 000 | – диаммоний сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты): | |
3105 30 000 1 | – – құрамында фосфор мөлшері 52 мас.% кем емес, бірақ Р2О5 және азот қайта есептегенде 54 мас.% артық емес, 20 мас.% кем емес, бірақ мөлшері 1 мм кем емес бөлшектердің массалық үлесі 95% кем емес, 22 мас.% артық емес таза диаммоний сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты) | – |
3105 30 000 9 | – – басқа | – |
3105 40 000 | – аммоний диводорофосфаты (моноаммоний фосфаты) және оның диаммоний сутегі фосфатымен (диаммоний фосфаты) қоспасы: | |
3105 40 000 1 | – – аммоний диводорофосфаты (моноаммоний фосфаты) тазалығы кемінде 99 мас.% және құрамында аммоний диводорофосфаты (моноаммоний фосфаты) кемінде 99 мас.%, құрамында 60 мас.% кем емес фосфор бар, бірақ Р2О5-ке қайта есептегенде 62.% мас аспайтын және азот кемінде 11 мас.%, бірақ 13 мас.% аспайтын диаммоний сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты) бар қоспалар көлемі 1 мм-ден аспайтын бөлшектердің массалық үлесі 95% кем емес | – |
3105 40 000 9 | – – басқа | – |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 31 қазандағы № 153-шешіміне № 3-ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не еурода, не АҚШ долларында) |
3105 30 000 1 | – – құрамында фосфор мөлшері 52 мас.% кем емес, бірақ Р2О5 және азот қайта есептегенде 54 мас.% артық емес, 20 мас.% кем емес, бірақ мөлшері 1 мм кем емес бөлшектердің массалық үлесі 95% кем емес, 22 мас.% артық емес таза диаммоний сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты) | 6,5 |
3105 30 000 9 | – – басқа | 6,5 |
3105 40 000 1 | – – аммоний диводорофосфаты (моноаммоний фосфаты) тазалығы кемінде 99 мас.% және құрамында аммоний диводорофосфаты (моноаммоний фосфаты) кемінде 99 мас.%, құрамында 60 мас.% кем емес фосфор бар, бірақ Р2О5-ке қайта есептегенде 62.% мас аспайтын және азот кемінде 11 мас.%, бірақ 13 мас.% аспайтын диаммоний сутегі фосфаты (диаммоний фосфаты) бар қоспалар көлемі 1 мм-ден аспайтын бөлшектердің массалық үлесі 95% кем емес | 6,5 |
3105 40 000 9 | – – басқа | 6,5 |