2015 жылғы 8 қыркүйектегі Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру туралы шарттың 10-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 102 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 8-тармақтағы "31 наурыз" деген сөздер "1 мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 10-тармақтағы "1 мамыр" деген сөздер "1 қараша" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |