Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. 1 және 6 - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелеріне сәйкес сыртқы хитин қабығын (хорионды) алып тастау процесіне ұшыраған, шаянтәрізділердің жұмыртқалары болып табылатын Artemiidae тұқымдасының декапсуляцияланған цисталары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 0511 91- субпозициясында жіктеледі.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |