Тауарлар арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 36-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120 бабының 3 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 36-тармағына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№182 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 36-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Он төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясында бұл бағанда қосымша мәліметтер (қалауы бойынша) көрсетілуі мүмкін:

      Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы 2018 жылғы 2 ақпандағы келісім күшіне енген күні немесе ол күшіне енгеннен кейін көрсетілген Келісімнің 7-бабын ескере отырып және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын Ресей Федерациясының аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарларға қатысты:

      тауардың әрбір бірлігіне немесе тұтынушылық қаптамасына немесе тауарда, алғашқы немесе тұтынушылық қаптамасында (оның ішінде бөлшек саудаға арналған жиынтық болып табылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес бір кодпен жіктелетін тауардың тұтынушылық қаптамасында) (ал ол болмаған жағдайда – алғашқы қаптамада) орналасқан материалдық жеткізгішке салынған сәйкестендіру құралдарындағы сәйкестендіру кодтарының (бұдан әрі – тауарларды сәйкестендіру кодтары) жалпы саны;

      Тұтынушылық қаптамамен бірегей және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес әртүрлі кодтармен жіктелетін тауарлар үшін ұсынылатын тауар бойынша сәйкестендіру кодтарының жалпы санында осы тауарға қатысты жасалған сәйкестендіру кодтары ғана ескеріледі;

      таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімі, ("0" – сәйкестендіру құралы тауарға немесе тұтынушылық қаптамасына ("3" және "4" таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімі бар тұтынушылық қаптамаларды қоспағанда) (ал ол болмаған жағдайда –алғашқы қаптамаға) немесе тауарда, бастапқы немесе тұтынушылық қаптамасында ("3" және "4" таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімі бар тұтынушылық қаптамаларды қоспағанда) орналасқан материалдық нұсқасына салынған, "1" – сәйкестендіру құралы топтық қаптамаға немесе осындай топтық қаптамада орналасқан материалдық нұсқасына салынған, "2" – көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды көліктік қаптамаға түсірілген, "3" – сәйкестендіру құралы бөлшек саудаға арналған жиынтық болып табылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес бір кодпен жіктелетін тауардың тұтынушылық қаптамасына немесе осындай тұтынушылық қаптамасында орналасқан материалдық нұсқасына салынған, "4" – сәйкестендіру құралы ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес әртүрлі кодтармен жіктелетін және әртүрлі өтініштерде немесе бір өтініште жекелеген тауарлармен мәлімделетін бірнеше тауарларды біріктіретін тұтынушылық қаптамасына немесе осындай қаптамада орналасқан материалдық нұсқасына салынған) сондай-ақ (қағаз нұсқадағы құжат түрінде өтініш берген кезде "/" бөлгіш белгісі арқылы) тауарларды сәйкестендіру кодтары немесе топтық қаптамаға (бұдан әрі – топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары) салынған сәйкестендіру құралдарындағы сәйкестендіру кодтары немесе көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары;

      Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес құрылған бірегей кедендік кодтар (бұдан әрі – бірегей кедендік кодтар) (бар болған жағдайда).

      Тауарларды сәйкестендіру кодтарының жалпы саны туралы мәліметтер және электрондық құжат түрінде өтініш берген кезде таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімі өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз нұсқасындағы құжат түрінде өтініш берген кезде – бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі ":".

      Сәйкестендіру кодтары бірегей кедендік кодына біріктірілген тауарлар үшін таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімі көрсетілмейді.

      Электрондық құжат түрінде өтініш берген кезде бірегей кедендік кодтар, тауарларды сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары, көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары әрбір осындай код бойынша өтініш құрылымының тиісті деректемелерін толтыру жолымен, ал қағаз нұсқасындағы құжат түрінде өтініш берген кезде – үтір арқылы көрсетіледі.

      Тауарларды сәйкестендіру кодтарын, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтарын, көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтарын қатарынан көрсеткен кезде тиісті диапазонның бірінші және соңғы нөмірлері көрсетіледі. Электрондық құжат түрінде өтініш берген кезде бұл мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелерін толтыру жолымен, ал қағаз нұсқасындағы құжат түрінде өтініш берген кезде – "–" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.

      Тауарларды сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары, көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары, сондай-ақ бірегей кедендік кодтар өтініште осындай кодтардағы әріптер тіркелімін сақтай отырып көрсетіледі.

      Сәйкестендірудің барлық кодтары бірегей кеден кодына біріктірілген тауарларды бір тауар ретінде мәлімдеген кезде бірегей кеден коды көрсетіледі.

      Бір мезгілде тауарларды сәйкестендіру кодтары, топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары (ол болған жағдайда) және көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары қамтылған тауарлар бір тауар ретінде өтініш берген кезде, егер барлық тауарларда көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды салынған көліктік қаптамасы болса, көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары көрсетіледі.

      Тауарларды сәйкестендіру кодтары және топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары қамтылған тауарларды бір мезгілде бір тауар ретінде өтініш берген кезде, егер барлық тауарларда топтық қаптаманы сәйкестендіру құралы бар топтық қаптама болған жағдайда топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары көрсетіледі және егер тауарларды сәйкестендірудің барлық кодтары және (немесе) топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтары осындай кодқа біріктірілген болса, бірегей кеден коды көрсетіледі.

      бірегей кедендік кодтары, көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары және (немесе) топтық қаптаманың сәйкестендіру кодтары бар және жоқ тауарларды бір тауар ретінде өтініш берген кезде мұндай кодтар мынадай ретпен көрсетіледі:

      бірегей кедендік кодтар (көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды салынған көліктік қаптамасы жоқ тауарлар үшін);

      көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодтары (көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды салынған көліктік қаптамасы бар тауарлар үшін);

      топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары (сәйкестендіру құралы салынған топтық қаптамасы бар және сәйкестендіру кодтары бірегей кедендік кодқа біріктірілмеген тауарлар үшін);

      тауарларды сәйкестендіру кодтары (көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды салынған көліктік қаптамасы және сәйкестендіру құралы салынған топтық қаптамасы жоқ және сәйкестендіру кодтары бірегей кедендік кодқа біріктірілмеген тауарлар үшін);

      Көрсетілген кодтары, жиынтықталған кедендік кодтары және таңбалаудың әрбір деңгейі бойынша сәйкестендіру кодтары бар және жоқ тауарларды бір тауар ретінде өтініш берген кезде электрондық құжат түрінде өтініш берген кезде өтініш құрылымының тиісті деректемелерін толтыру жолымен, ал қағаз нұсқасындағы құжат түрінде өтініш берген кезде – таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімінен бастап тауарларды сәйкестендіру кодтары мен бөлгіш белгісінің жалпы санынан кейін ":" таңбалаудың әрбір деңгейі үшін жеке жолмен көрсетіледі.

      Бір жиынтықталған кеден коды немесе көліктік қаптаманың бір сәйкестендіру коды немесе әртүрлі өтініштерде немесе бір өтініште жекелеген тауарларда мәлімделетін тауарларда топтық қаптаманың бір сәйкестендіру коды болған жағдайда, мұндай код көрсетілмейді. Мұндай жағдайда тауарларды сәйкестендіру кодтарының жалпы саны, таңбалау деңгейінің кодтық белгіленімі, сондай-ақ тауарларды сәйкестендіру кодтары немесе топтық қаптаманы сәйкестендіру кодтары немесе басқа өтініште немесе бір өтініште жекелеген тауарларда өтініш берілген тауарлар туралы мәліметтерді қозғамайтын көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодтары көрсетіледі;

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен бекітілген және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен, сондай-ақ, Ресей Федерациясының заңнамасында қарастырылған жағдайларда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалануға жататын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты:

      жүргізілген бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің саны және олардың бөлгіш белгісі арқылы қос нүктеден кейін "," сәйкестендіру (сәйкестендіргіштері) нөмірлері бос орындарсыз.

      Салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің сәйкестендіру нөмірлері (сәйкестендіргіштері), қатарынан келетін тиісті диапазонның бірінші және соңғы нөмірлерін "–" бөлгіш белгісі арқылы қою жолымен көрсетіледі;".

      2. Он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бағанда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауар коды кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде (бос орындарсыз).

      Қадағалануға жататын тауарға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың 10 таңбалы коды (бос орындарсыз), ал мұндай кодтан кейін– "П" әрпі көрсетіледі.

      Беларусь Республикасында ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың 10 таңбалы коды (бос орындарсыз) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарға қатысты да көрсетіледі, ол туралы мәліметтер Беларусь Республикасында пайдаланылатын қосымша кедендік ақпарат сыныптауышында қамтылады.

      Бұл жағдайда ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауар кодынан кейін (бос орындарсыз) осы сыныптауышқа сәйкес қосымша 4 код белгісі (бос орындарсыз) көрсетіледі. Егер мұндай тауар бір мезгілде бақыланатын тауар болып табылса, онда кодтың 4 белгісінің деректері (бос орындарсыз) ЕАЭО СЭҚ ТН-ға (бос орындарсыз) және "П" әрпіне сәйкес тауар кодынан кейін көрсетіледі.

      Ресей Федерациясында, егер мұндай тауарға қатысты осы тармақтың он жетінші – он тоғызыншы абзацтарына және (немесе) отыз алтыншы абзацына сәйкес мәліметтер көрсетілген жағдайда, ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың 10 таңбалы коды (бос орындарсыз) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарға қатысты көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі өтініште мұндай мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі өтініште – "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.

О внесении изменений в пункт 36 Порядка заполнения заявления о выпуске товаров до подачи декларации на товары

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 27 декабря 2023 года № 182.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 120 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в пункт 36 Порядка заполнения заявления о выпуске товаров до подачи декларации на товары, утвержденного Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 13 декабря 2017 г. № 171, изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу с 1 апреля 2024 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 27 декабря 2023 г. № 182

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в пункт 36 Порядка заполнения заявления о выпуске товаров до подачи декларации на товары

      1. После абзаца четырнадцатого дополнить абзацами следующего содержания:

      "в Российской Федерации в данной колонке дополнительно могут указываться (по желанию) сведения:

      в отношении товаров, подлежащих в соответствии с законодательством Российской Федерации маркировке средствами идентификации на территории Российской Федерации на дату вступления в силу Соглашения о маркировке товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе от 2 февраля 2018 года или после его вступления в силу с учетом статьи 7 указанного Соглашения и помещаемых под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления:

      общее количество кодов идентификации, содержащихся в средствах идентификации, нанесенных на каждую единицу товара, или на потребительскую упаковку (в том числе на потребительскую упаковку товара, представляющего собой набор для розничной продажи и классифицируемого одним кодом в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС) (а в случае ее отсутствия – на первичную упаковку), или на материальный носитель, расположенный на товаре, первичной или потребительской упаковке (далее – коды идентификации товаров). Для товаров, объединенных потребительской упаковкой и классифицируемых различными кодами в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС, в общем количестве кодов идентификации по заявляемому товару учитываются только коды идентификации, сгенерированные в отношении данного товара;

      кодовое обозначение уровня маркировки ("0" – средство идентификации нанесено на товар, или на потребительскую упаковку (за исключением потребительских упаковок, имеющих кодовые обозначения уровня маркировки "3" и "4") (а в случае ее отсутствия – на первичную упаковку), или на материальный носитель, расположенный на товаре, первичной или потребительской упаковке (за исключением потребительских упаковок, имеющих кодовые обозначения уровня маркировки "3" и "4"), "1" – средство идентификации нанесено на групповую упаковку или на материальный носитель, расположенный на такой групповой упаковке, "2" – код идентификации транспортной упаковки нанесен на транспортную упаковку, "3" – средство идентификации нанесено на потребительскую упаковку товара, представляющего собой набор для розничной продажи и классифицируемого одним кодом в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС, или на материальный носитель, расположенный на такой потребительской упаковке, "4" – средство идентификации нанесено на потребительскую упаковку, объединяющую несколько товаров, классифицируемых различными кодами в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС и заявляемых в разных заявлениях либо отдельными товарами в одном заявлении, или на материальный носитель, расположенный на такой упаковке), а также (через знак разделителя "/" при подаче заявления в виде документа на бумажном носителе) коды идентификации товаров, или коды идентификации, содержащиеся в средствах идентификации, нанесенных на групповую упаковку (далее – коды идентификации групповой упаковки), или коды идентификации транспортной упаковки;

      агрегированные таможенные коды, сформированные в соответствии с законодательством Российской Федерации (далее – агрегированные таможенные коды) (при наличии).

      Сведения об общем количестве кодов идентификации товаров и кодовое обозначение уровня маркировки при подаче заявления в виде электронного документа указываются в соответствующих реквизитах структуры заявления, а при подаче заявления в виде документа на бумажном носителе – через знак разделителя ":".

      Для товаров, коды идентификации которых объединены в агрегированный таможенный код, кодовое обозначение уровня маркировки не указывается.

      Агрегированные таможенные коды, коды идентификации товаров, коды идентификации групповой упаковки, коды идентификации транспортной упаковки при подаче заявления в виде электронного документа указываются путем заполнения соответствующих реквизитов структуры заявления по каждому такому коду, а при подаче заявления в виде документа на бумажном носителе – через запятую.

      При указании кодов идентификации товаров, кодов идентификации групповой упаковки, кодов идентификации транспортной упаковки, следующих подряд, указываются первый и последний номера соответствующего диапазона. При подаче заявления в виде электронного документа эти сведения указываются путем заполнения соответствующих реквизитов структуры заявления, а при подаче заявления в виде документа на бумажном носителе – через знак разделителя "–".

      Коды идентификации товаров, коды идентификации групповой упаковки, коды идентификации транспортной упаковки, а также агрегированные таможенные коды указываются в заявлении с сохранением регистра букв, содержащихся в таких кодах.

      При заявлении в качестве одного товара товаров, все коды идентификации которых объединены в агрегированный таможенный код, указывается агрегированный таможенный код.

      При заявлении в качестве одного товара товаров, имеющих одновременно коды идентификации товаров, коды идентификации групповой упаковки (при ее наличии) и коды идентификации транспортной упаковки, указываются коды идентификации транспортной упаковки в случае, если все товары имеют транспортную упаковку с нанесенным кодом идентификации транспортной упаковки.

      При заявлении в качестве одного товара товаров, имеющих одновременно коды идентификации товаров и коды идентификации групповой упаковки, указываются коды идентификации групповой упаковки в случае, если все товары имеют групповую упаковку с нанесенным средством идентификации групповой упаковки, или агрегированный таможенный код в случае, если все коды идентификации товаров и (или) коды идентификации групповой упаковки объединены в такой код.

      При заявлении в качестве одного товара товаров, имеющих и не имеющих агрегированные таможенные коды, коды идентификации транспортной упаковки и (или) коды идентификации групповой упаковки, такие коды указываются в следующей последовательности:

      агрегированные таможенные коды (для товаров, которые не имеют транспортную упаковку с нанесенным кодом идентификации транспортной упаковки);

      коды идентификации транспортной упаковки (для товаров, которые имеют транспортную упаковку с нанесенным кодом идентификации транспортной упаковки);

      коды идентификации групповой упаковки (для товаров, которые имеют групповую упаковку с нанесенным средством идентификации и коды идентификации которых не объединены в агрегированный таможенный код);

      коды идентификации товаров (для товаров, которые не имеют транспортную упаковку с нанесенным кодом идентификации транспортной упаковки и групповую упаковку с нанесенным средством идентификации и коды идентификации которых не объединены в агрегированный таможенный код).

      При заявлении в качестве одного товара товаров, имеющих и не имеющих указанные коды, агрегированные таможенные коды и коды идентификации по каждому уровню маркировки при подаче заявления в виде электронного документа указываются путем заполнения соответствующих реквизитов структуры заявления, а при подаче заявления в виде документа на бумажном носителе – после общего количества кодов идентификации товаров и знака разделителя ":" для каждого уровня маркировки отдельной строкой, начиная с кодового обозначения уровня маркировки.

      В случае наличия одного агрегированного таможенного кода, либо одного кода идентификации транспортной упаковки, либо одного кода идентификации групповой упаковки у товаров, заявляемых в разных заявлениях либо отдельными товарами в одном заявлении, такой код не указывается. В этом случае указываются общее количество кодов идентификации товаров, кодовое обозначение уровня маркировки, а также коды идентификации товаров, или коды идентификации групповой упаковки, или коды идентификации транспортной упаковки, которые не затрагивают сведения о товарах, заявляемых в ином заявлении либо отдельными товарами в одном заявлении;

      в отношении товаров, включенных в перечень товаров, подлежащих маркировке контрольными (идентификационными) знаками, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 23 ноября 2015 г. № 70, и помещаемых под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления, а также в случаях, предусмотренных законодательством Российской Федерации, под таможенную процедуру свободной таможенной зоны:

      количество нанесенных контрольных (идентификационных) знаков и после двоеточия через знак разделителя "," без пробелов их идентификационные номера (идентификаторы).

      Идентификационные номера (идентификаторы) нанесенных контрольных (идентификационных) знаков, следующие подряд, указываются путем проставления через знак разделителя "–" первого и последнего номеров соответствующего диапазона;".

      2. Абзац пятнадцатый изложить в следующей редакции:

      "в колонке 3:

      код товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС на уровне не менее первых 6 знаков (без пробелов).

      В отношении товара, подлежащего прослеживаемости, указывается 10-значный код товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС (без пробелов), а после такого кода – буква "П".

      В Республике Беларусь 10-значный код товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС (без пробелов) указывается также в отношении товара, помещаемого под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления, сведения о котором содержатся в классификаторе дополнительной таможенной информации, используемом в Республике Беларусь. В этом случае после кода товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС (без пробелов) дополнительно указываются 4 знака кода (без пробелов) в соответствии с этим классификатором. Если такой товар одновременно является товаром, подлежащим прослеживаемости, то данные 4 знака кода (без пробелов) указываются после кода товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС (без пробелов) и буквы "П".

      В Российской Федерации 10-значный код товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС (без пробелов) указывается в отношении товара, подлежащего маркировке средствами идентификации, в случае, если в отношении такого товара указаны сведения в соответствии с абзацами семнадцатым – девятнадцатым и (или) абзацем тридцать шестым настоящего пункта.

      В заявлении в виде электронного документа такие сведения указываются в соответствующих реквизитах структуры заявления, а в заявлении в виде документа на бумажном носителе – через знак разделителя "/";".