Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 18-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 кодымен сыныпталатын табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфаттарына және үгілген фосфатты борға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2024 жылғы 5 қаңтардан 2026 жылғы 4 қаңтарды қоса алғандағы аралықта 0% мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0- коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "6С)" сілтемесі "883С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертулерде:
6С - ескерту күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 83С ескертпемен толықтырылсын:
"83С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мқлшерлемесі 05.01.2024 бастап 04.01.2026 қоса алғанда қолданылады.".
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |