Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 205-бабы 4-тармағының 4 және 5-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 1281-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің "Еркін кеден аймағының кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 88 шешіміне өзгеріс енгізілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян | Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко | Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин | Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев | Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук |
Еурзиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №18 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 88 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Аталған Шешімдегі № 2 қосымшада:
а) І бөлімнің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кемелердің құрылысымен немесе жөндеумен байланысты тауарлаарды әкетуді қоспағанда, тауарларды әкетудің мерзімі 2 жылдан аспайды.
Егер тауарларды әкету кемелердің құрылысымен немесе жөндеумен байланысты болған жағдайда, тауарларды әкетудің мерзімі 4 жылдан аспайды.
б) ІІ бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кемелердің құрылысымен немесе жөндеумен байланысты мұндай тауарлаарды әкелуді қоспағанда, жинауды, монтажды, қиыстыруды қоса алғанда, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау жөнінде операциялар жасау нәтижесінде осы тауарлардан дайындалған (алынған), тауарларды ЕЭА аумағына кері әкелудің және (немесе) ЕЭА аумағына әкелудің мерзімі 2 жылдан аспайды.
Егер тауарларды әкелу кемелердің құрылысымен немесе жөндеумен байланысты болған жағдайда, жинауды, монтажды, қиыстыруды қоса алғанда, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау жөнінде операциялар жасау нәтижесінде осы тауарлардан дайындалған (алынған), тауарларды ЕЭА аумағына кері әкелудің және (немесе) ЕЭА аумағына әкелудің мерзімі 4 жылдан аспайды.
2. Аталған Шешімде бекітілген, өзінің өндірістік және технологиялық қажеттіліктері үшін, еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақтардан еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге жол берілетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарының тізбесі бірінші бағанда "Большой камень қалалық округі" деген сөздерден кейін ", Владивосток қалалық округі, ЗАТО Фокино қалалық округі Дунай кенті, Шкотовск муниципальдық ауданы, Владивосток теңіз айлағы акваториясы, Находка теңіз айлағы акваториясы" деген сөздермен толықтырылсын.