Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы щартқа № 1 қосымша), 2015 жылғы 16 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелудің және айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 132-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:
1. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылудың шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің баждарының мөлшерлемлерімен салыстырғанда, мейлінше төмен, әкелінетін кедендік баждардың мөлшерлемелерін және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген, мұндай баждардың мөлшерлемелерінің көлемдерін қолданатын, тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 001 9 коды бар позицияда, үшінші бағандағы "7" сілтеме белгісі "11" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күн тізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |