Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылудың шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің баждарының мөлшерлемлерімен салыстырғанда, мейлінше төмен, әкелінетін кедендік баждардың мөлшерлемелерін және қуаты 5000 кВт, бірақ 50 000 кВттан көп емес, газ турбиналарының бөлшектеріне қатысты, баждардың мұндай мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 25 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы щартқа № 1 қосымша), 2015 жылғы 16 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелудің және айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 132-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылудың шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің баждарының мөлшерлемлерімен салыстырғанда, мейлінше төмен, әкелінетін кедендік баждардың мөлшерлемелерін және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген, мұндай баждардың мөлшерлемелерінің көлемдерін қолданатын, тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 001 9 коды бар позицияда, үшінші бағандағы "7" сілтеме белгісі "11" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күн тізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
Құжаттар үшін
М.Григорян

Беларусь Республикасынан
Құжаттар үшін
И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Құжаттар үшін
С.Жуманғарин

Қырғыз Республикасынан
Құжаттар үшін
А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан
Құжаттар үшін
А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады