Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде дөңгелекті көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларын үздіксіз өндіруді қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2.10-тармағын іске асыру мақсатында, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 29-тармағына және № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 120 шешімінің 1-тармағының "б" тармақшасындағы "2023 жылғы 1 мамырға дейін" деген сөздер "2024 жылғы 1 ақпанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Евразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |