Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 144-шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 7 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65-шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараны қайта қараудың орындылығын айқындау мақсатында жүргізілген демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде, өзгерген жағдайларға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2013 жылғы 9 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 65-шешімімен белгіленген, Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шыққан тот баспайтын болаттан жасалған суық деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуы 2029 жылғы 22 қаңтарға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден жұмысы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына:

      2013 жылғы 9 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 65-шешімінде көзделген мөлшерде демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз ету;

      алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен 2023 жылғы 25 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 144-шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы бажға есепке жатқызуды және ол төленген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету (өндіріп алынды).

      3. 2023 жылғы 25 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 144 "Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шыққан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының төрағасы
М. Мясникович

О продлении действия антидемпинговой меры в отношении холоднодеформированных бесшовных труб из нержавеющей стали, происходящих из Китайской Народной Республики и Малайзии и ввозимых на таможенную территорию Евразийского экономического союза, и признании утратившим силу Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 сентября 2023 г. № 144

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 23 января 2024 года № 7.

      В соответствии с пунктом 109 Протокола о применении специальных защитных, антидемпинговых и компенсационных мер по отношению к третьим странам (приложение № 8 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и на основании доклада Департамента защиты внутреннего рынка Евразийской экономической комиссии, подготовленного по результатам повторного антидемпингового расследования, проведенного в связи с истечением срока действия антидемпинговой меры, установленной Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 65, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Продлить по 22 января 2029 г. включительно действие антидемпинговой меры, установленной Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 65, в отношении ввозимых на таможенную территорию Евразийского экономического союза холоднодеформированных бесшовных труб из нержавеющей стали, происходящих из Китайской Народной Республики и Малайзии.

      2. Государственным органам государств – членов Евразийского экономического союза, уполномоченным в сфере таможенного дела:

      обеспечить взимание антидемпинговой пошлины в размерах, предусмотренных Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 65;

      обеспечить осуществление зачета сумм антидемпинговой пошлины, уплаченной (взысканной) в соответствии с Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 сентября 2023 г. № 144 в порядке, установленном для взимания предварительных антидемпинговых пошлин, в антидемпинговую пошлину и зачисление на единый счет уполномоченного органа того государства – члена Евразийского экономического союза, в котором она была уплачена (взыскана).

      3. Признать утратившим силу Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 сентября 2023 г. № 144 "О продлении действия антидемпинговой меры в отношении холоднодеформированных бесшовных труб из нержавеющей стали, происходящих из Китайской Народной Республики и Малайзии и ввозимых на таможенную территорию Евразийского экономического союза".

      4. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович