Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жапсарсыз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 144 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 8-қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. "Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шығатын және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы бажды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65-шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданысы 2024 жылғы 5 наурызға дейін ұзартылсын.

      2. Кеден одағы саласындағы уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары осы шешім күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 5 наурызды қоса алғанда, алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65-шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 11 желтоқсаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады