2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясы жұмысының регламентіне № 2-қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:
1. Белгіленсін:
а) 2023 жылғы 23 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 70-шешімімен "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР) енгізілген ветеринариялық дәрілік заттардың (фармакологиялық белсенді заттар мен олардың метаболиттерінің) тамақ өнімдеріндегі қалдық құрамының барынша рұқсат етілген деңгейлерін белгілеу бөлігінде өзгерістер күшіне енген күннен бастап 18 ай ішінде 021/2011), 2011 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағының комиссиясының № 880-шешімімен қабылданған "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 024/2011), 2011 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағының комиссиясының № 883-шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 033/2013), 2013 жылғы 9 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 67-шешімімен қабылданған "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 034/2013), 2013 жылғы 9 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 68-шешімімен қабылданған, 2016 жылғы 18 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 162-шешімімен қабылданған "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 040/2016), және 2021 жылғы 29 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 110-шешімімен қабылданған "Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тамақ өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;
б) 2023 жылғы 23 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 70-шешімінде көзделген Кеден одағының (Еуразиялық экономикалық одақтың) техникалық регламенттерін техникалық реттеу объектісі болып табылатын тамақ өнімдерінің айналымына оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |