Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:
1. Инактивтендірілген ашытқы жасушаларының қабырғаларының, минералды компоненттердің және толтырғыштың (мысалы, сүт ошағанының сығындысы) қоспасы болып табылатын, токсиндерге қарсы адсорбциялық әсері бар, олардың денсаулығын сақтау мақсатында үй және ауыл шаруашылығы жануарларының жеміне, соның ішінде құс жеміне қосуға арналған адсорбциялық жем қоспасы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережесіне сәйкес 1 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2309 тауар позициясында жіктеледі.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |