Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына міндетті сәйкестікті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының "Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 002/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 48 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағының "Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 002/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестігін бағалау туралы құжат | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
I. Жоғары жылдамдықты теміржол көлігі инфрақұрылымының ішкі жүйелері құрамдас бөліктерінің элементтері | |||
1. Қозғалыс қауіпсіздігін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты технологиялық процестерді жедел басқарудың автоматтандырылған жүйелері |
8530 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
2. Электрмен жабдықтау темір жол құрылғыларының телемеханика аппаратурасы |
8530 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
3. Электрлендірілген теміржолдардың байланыс желісінің тіреуіштеріне арналған арматураланған бетон тіректер | 6810 99 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
4. Рельс түйістеріне арналған болттар |
7302 90 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
5. Темір жолдың рельсті бекітпелеріне арналған салынбалы болттар |
7302 90 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
6. Теміржол жолының рельсті бекіткіштеріне арналған клеммалық болттар |
7302 90 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
7. Темір жолдарға арналған бағыттамалық бұрмаларға арналған сорабы 1520 ммтемірбетонды арқалықтар | 6810 99 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
8. Темір жол электрмен жабдықтау құрылғыларына арналған вентильді разрядтағыштар және асқын кернеуді шектегіштер | 8535 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
9. Рельс түйістері болтының гайкалары |
7318 16 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
10. Теміржол жолының рельсті бекіткіштерінің салынбалы болттарына арналған гайкалар |
7318 16 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
11. Теміржол жолының рельсті бекіткіштерінің клеммалық болттарына арналған гайкалар |
7318 16 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
12. Гарнитуралар, темір жол бағыттамалық бұрмаларының сыртқы тұйықтағыштары |
7302 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
13. Тоналды рельсті тізбектерге арналған генераторлар, қабылдағыштар, сүзгілер, күшейткіштер | 8530 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
14. Осьтерді санау жүйесінің датчиктері және жол учаскелерін бақылау датчиктері | 8530 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
15. Шифр шешушілер және сандық кодты құлыптау шифрын шешушілердің блоктары |
8530 90 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
16. Электрлендірілген теміржолдардың байланыс желісі құрылғыларының диодты жерге қосқыштары |
8530 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
17. Электрлендірілген теміржолдардың байланыс желісіне арналған оқшаулағыштар |
8546 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
18. Бөлек және бөлінбейтін рельсті бекіту клеммалары | 7302 90 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
19. Рельстерді бекітуге арналған серіппелі шыбық клеммалар | 7302 90 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
20. Темір жол көлігінің линзалық бағдаршамдарына арналған жарық сүзгіші бар линзалар және линзалық жиынтықтар |
7014 00 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
21. Бағыттамалық бұрмалардың айқастырғыштары |
7302 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
22. Электрлендірілген теміржолдардың байланыс желісінің тіреуіштеріне арналған металл тіректер | 7308 90 980 9 | сәйкестік сертификаты | |
23. Теміржол рельстерінің оқшаулағыш түйістеріне арналған бастырмалар |
7302 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
24. Кең сорапты теміржолдарға арналған екі басты рельстік бастырмалар |
7302 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
25. Түрлі типтегі және маркалы бағыттамалы бұрмалардың үшкілдері |
7302 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
26. Темір жолдың бөлек бекіткіш төсемдері |
7302 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
27.Темір-бетон жартылай шпалдар | 6810 99 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
28. Мыстан жасалған байланыс сымдары және оның теміржол байланыс желісіне арналған қорытпалары | 7407 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
29. Тасымалдағыштармен жеткізілетін қозғалыс қауіпсіздігін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты технологиялық процестерді жедел басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне арналған теміржол көлігінің бағдарламалық құралдары |
8523 29 310 1 | сәйкестік туралы декларация | |
30. Рельсті бекіту аралықтары |
3926 90 970 9 | сәйкестік сертификаты | |
31. Теміржол рельстерінің серіппелі ұрлыққа қарсы құрылғылары | 7302 90 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
32. Электрлендірілген темір жолдарды электрмен жабдықтау жүйелерінің тартқыш қосалқы станцияларына арналған ажыратқыштар |
8535 30 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
33. Теміржол байланыс желісінің ажыратқыштары |
8535 30 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
34. Электрлендірілген темір жолдарды электрмен жабдықтау жүйелерінің тартқыш қосалқы станцияларына арналған реакторлар | 8504 50 950 0 | сәйкестік туралы декларация | |
35. Темір жол автоматикасы мен телемеханика жүйелері үшін қауіпсіз электромагниттік, оның ішінде электрондық реле, релелік блоктар |
8536 41 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
36. Рельстік бекіткіш |
7302 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
37. Қарсы рельсті теміржол рельстері |
7302 10 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
38. Үшкір теміржол рельстері |
7302 10 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
39. Кең сорапты теміржол рельстері |
7302 10 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
40. Электрлендірілген теміржолдардың байланыс желісінің аспалы құрылғыларының қатты көлденең ригельдері | 7308 90 980 9 | сәйкестік сертификаты | |
41. Теміржол бағдаршамы мен жылжымалы сигнализацияға арналған жарықдиодты жарық-оптикалық жүйелер | 8530 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
42. Темір жол көлігінің сигнал беру аспаптарына арналған жарық сүзгілері, линзалар, жарық сүзгі-линзалар, шашыратқыштар және ауытқу ендірмелері |
7014 00 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
43. Электрлендірілген теміржолды электрмен жабдықтау құрылғыларына арналған статикалық түрлендіргіштер |
8504 40 300 8 | сәйкестік туралы декларация | |
44. Бағыттамалық бұрмалар, жөндеу-жиынтықтары (жартылай стрелкалар), темір жолдардың тұйық қиылыстары |
7302 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
45. Бағыттамалы электромеханикалық жетектер |
8501 10 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
46. Теміржол рельстерін оқшаулайтын түйістер |
7302 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
47. Жолдың қатты серіппелі элементтері (екі айналмалы шайбалар, табақша тәріздес серіппелер, клеммалар) |
7302 90 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
48. Электрлендірілген темір жолдардың түйісу станцияларын қорғау құрылғылары |
8530 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
49. Электрлендірілген теміржолдардың байланыс желісі тіректерінің негіздері | 6810 99 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
50. Темір жолдарға арналған сорабы 1520 мм темірбетонды шпалдар | 6810 99 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
51. Жол бұрандалары |
7318 12 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
52. Табиғи тастан жасалған темір жолдардың балласт қабатына арналған қиыршық тас | 2517 10 100 0 | сәйкестік сертификаты | |
53. Темір жол бағыттамалық бұрмаларды бекіту элементтері |
7302 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
II. Жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамы | |||
54. Тұрақты токпен, айнымалы токпен, екі жүйелік (айнымалы және тұрақты токпен) жүретін электр поездары, олардың вагондары |
8603 10 000 1 | сәйкестік сертификаты | |
III. Жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамының құрамдас бөліктері | |||
55. Тежегіштік рычагты берудің автоматты реттегіші (автореттегіш) |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
56. Теміржол жылжымалы құрамының автоматты тұрақ тежегіші |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
57. Темір жол жылжымалы құрамын қысқа тұйықталу токтарынан жоғары вольтты қорғау және бақылау аппараттары |
8535 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
58. Теміржол жылжымалы құрамына арналған бандаждар |
8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
59. Магниторельсті тежегіштің башмактары |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
60. Теміржол жылжымалы құрамының тежегіш қалыптарының башмактары |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
61. Теміржол жылжымалы құрамының дискілі тежегіштерінің тежегіш төсемдерінің башмактары |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
62. Тежегіштерді бұғаттау |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
63. Моторвагонды жылжымалы құрамды шынылаудың бүйірлік бұйымдары |
7007 11 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
64. Вентильді разрядтағыштар және электр жылжымалы құрамға арналған асқын кернеуді шектегіштер | 8535 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
65. Ауа бөлгіштер |
8481 20 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
66. Жеке конструктивтік бұйымдар болып табылатын темір жол жылжымалы құрамына арналған қосалқы электр машиналары (қуаты 1 кВт-тан астам) |
8501 20 000 9 | сәйкестік туралы декларация | |
67. Электр қозғалмалы құрамға арналған автоматты жылдам әрекет ететін ажыратқыштар және негізгі ажыратқыштар |
8535 21 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
68. Жоғары вольтты вагонаралық қосылыстар (розетка және штепсель бірге) | 8535 90 000 8 | сәйкестік туралы декларация | |
69. Теміржол жылжымалы құрамының гидравликалық демпферлері |
8607 19 900 9 | сәйкестік туралы декларация | |
70. Теміржол жылжымалы құрамына арналған тежегіш дискілер |
8607 21 100 1 | сәйкестік сертификаты | |
71. Моторвагонды жылжымалы құрам машинисі кабинасының шынылау бұйымдары |
7007 11 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
72. Темір жол жылжымалы құрамының тежегіш пневматикалық жүйелеріне арналған резеңке тығыздағыш бұйымдар (диафрагмалар, манжеттер, жағалар, клапандардың тығыздағыштары, төсемдер) |
4016 10 000 9 | сәйкестік туралы декларация | |
73. Автоілінісу тартқыш қамытының сынасы |
8607 30 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
74. Темір жол жылжымалы құрамының тартқыш берілістерінің тісті цилиндрлік дөңгелектері |
8483 90 810 0 | сәйкестік сертификаты | |
75. Теміржол жылжымалы құрамының дөңгелек жұптарының дөңгелектері | 8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
76. Букстік тораптары жоқ жоғары жылдамдықты теміржол жылжымалы құрамының доңғалақ жұптары | 8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
77. Теміржол жылжымалы құрамына арналған композициялық тежегіш колодкалар |
8607 21 100 1 | сәйкестік сертификаты | |
78. Темір жол жылжымалы құрамына арналған құрамдас (шойын-композициялық) тежегіштік колодкалар |
8607 21 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
79. Темір жол жылжымалы құрамына арналған шойын тежегіштік колодкалар |
8607 21 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
80. Теміржол жылжымалы құрамына арналған компрессорлар |
8414 80 110 0 | сәйкестік сертификаты | |
81. Жоғары вольтты электропневматикалық және электромагниттік контакторлар |
8535 30 200 0 | сәйкестік сертификаты | |
82. Автоіліністің корпусы | 8607 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
83. Теміржол жылжымалы құрамына арналған машинистердің креслолары |
9401 71 000 9 | сәйкестік туралы декларация | |
84. Моторвагонды жылжымалы құрамның жолаушылар креслолары мен дивандары |
9401 61 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
85. Кенелік дискілі тежегіш механизмі |
8607 21 100 1 | сәйкестік сертификаты | |
86. Дискілі тежегіштің бастырмалары |
8607 21 100 1 | сәйкестік сертификаты | |
87. Теміржол жылжымалы құрамына арналған таза осьтер | 8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
88. Теміржол жылжымалы құрамына арналған қара осьтер | 8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
89. Автоіліністің алдыңғы және артқы тіреуіштері | 8607 30 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
90. Теміржол жылжымалы құрамына арналған жоғары вольтты қосқыштар мен ажыратқыштар |
8535 21 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
91. Жұтқыш аппарат |
8607 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
92. Темір жол жылжымалы құрамының буксіне арналған роликті жылжымалы мойынтіректер |
8482 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
93. Теміржол жылжымалы құрамына арналған жоғары вольтты сақтандырғыштар | 8535 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
94. Жартылай өткізгіш қуат түрлендіргіштері (қуаты 5 кВт-тан астам) |
8504 40 830 0 | сәйкестік сертификаты | |
95. Теміржол жылжымалы құрамына арналған электромашиналық түрлендіргіштер |
8502 40 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
96. Магниторельсті тежегіш жетегі |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
97. Темір жол жылжымалы құрамының жұпқа қарсы құрылғысы |
8505 20 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
98. Теміржол жылжымалы құрамының рессорлық ілгіш серіппелері |
7320 20 200 9 | сәйкестік сертификаты | |
99. Темір жол жылжымалы құрамына арналған ажыратқыштар, қысқа тұйықтағыштар, бөлгіштер, жоғары вольтты жерге тұйықтағыштар |
8535 30 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
100. Электр пойыздарына арналған реакторлар |
8504 40 830 0 | сәйкестік туралы декларация | |
101. Моторвагонды жылжымалы құрамға арналған ауа резервуарлары |
7310 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
102. Моторвагонды жылжымалы құрамның тартқыш жетегі муфталарының резеңке кордты қабықшалары | 4016 99 910 9 | сәйкестік сертификаты | |
103. Электр тежегіштерін іске қосу резисторлары, демпферлік |
8533 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
104. Жоғары вольтты электромагниттік және электронды релелер (қорғаныш, аралық, уақыт және дифференциалды) | 8535 90 000 8 | сәйкестік туралы декларация | |
105. Темір жол жылжымалы құрамының тежегіштеріне арналған жалғағыш жеңдер |
4009 11 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
106. Моторвагонды жылжымалы құрамға арналған шыны тазалағыштар |
8479 89 970 7 | сәйкестік туралы декларация | |
107. Автоіліністі қоса алғанда, іліністер | 8607 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
108. Моторвагонды жылжымалы құрамның тіркеме вагондарының арбашалары |
8607 11 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
109. Моторвагонды жылжымалы құрамға арналған тифондар |
8479 89 970 7 | сәйкестік туралы декларация | |
110. Машинистің тежегіш крандары |
8607 21 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
111. Электр пойыздарына арналған тартқыш электр қозғалтқыштары | 8501 53 500 0 | сәйкестік сертификаты | |
112. Автоіліністің тартқыш қамыты |
7325 99 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
113. Электр пойыздарының жылыту жүйелеріне арналған электр жылыту құрылғылары |
8516 21 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
114. Темір жол жылжымалы құрамының құрылғылары, басқару, бақылау және қауіпсіздік кешендері мен жүйелері, олардың бағдарламалық құралдары |
8530 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
115. Жүктеуге байланысты тежегіш күшін автоматты реттеу құрылғысы (авторежим) |
8530 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
116. Теміржол жылжымалы құрамына арналған дөңгелекті илектелген дискілі орталықтар |
8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
117. Теміржол жылжымалы құрамы үшін құйылған доңғалақты орталықтар (құймалар) |
8607 19 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
118. Теміржол жылжымалы құрамына арналған тежегіш цилиндрлер |
8607 21 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
119. Теміржол жылжымалы құрамына арналған төмен вольтты электр жабдығы: төмен вольтты контроллерлер, автоматты ажыратқыштар, электромагниттік және электрондық релелер (қорғау, аралық, уақыт және дифференциалдық) |
8536 10 100 0 | сәйкестік туралы декларация |
Ескертпелер: 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да басшылыққа алу қажет.
2. Кеден одағының "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 002/2011) техникалық регламентінің 106-тармағына сәйкес сәйкестік туралы декларацияны ұсынудың орнына кедендік декларацияны беру сәйкестік туралы сертификатты ұсынумен сүйемелденуі мүмкін.