Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 7-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 33-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі бекітілсін.
2. Өзіне қатысты кедендік декларацияны беру Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды немесе осы Шешім күшіне енгенге дейін бекітілген осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен сүйемелденетін өнімнің тізбелері Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын, өзіне қатысты кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнімнің тізбелері үшін осы Шешіммен бекітілген тәртіппен айқындалған мақсаттарда қолданылады деп белгіленсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы шеңберінде өзіне қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереже туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) өзіне қатысты кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын, Одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді (бұдан әрі – әкелінетін (әкелінген) өнім) Одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібін, сондай-ақ осындай өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау жағдайлары мен тәртібін айқындайды.
2. Әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуы мынадай жағдайларда расталады:
а) әкелінетін (әкелінген) өнім оған қатысты кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімнің тізбесіне енгізілген;
б) әкелінетін (әкелінген) өнім өзіне қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 526 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген және осы өнімге қатысты Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалауды жүргізу бөлігінде міндетті талаптар белгіленген.
3. Одақтың техникалық регламенттерінде мемлекеттік тіркеу немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нысанында сәйкестікті бағалау жүргізу көзделген әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуы Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 және 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімдеріне сәйкес расталады.
4. Техникалық реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттар:
а) осы Тәртіптің 2-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген әкелінетін (әкелінген) өнім үшін – Одақтың техникалық регламентінде (техникалық регламенттерінде) көзделген сәйкестікті бағалау туралы құжат (Одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестік сертификаты, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік туралы декларация, шағын көлемді кемені сыныптау туралы куәлік, тіркеу (мемлекеттік тіркеу) туралы куәлік, көлік құралының типін мақұлдау (шасси типін мақұлдау) немесе Одақтың техникалық регламентінде көзделген өзге де құжат);
б) осы Тәртіптің 2-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген әкелінетін (әкелінген) өнім үшін – аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнім кедендік рәсімдерге орналастырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген сәйкестікті бағалау туралы құжат не Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген сәйкестік сертификаттарын және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияларды бере отырып, сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімге бірыңғай нысан бойынша ресімделген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
5. Осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген өнімді қоспағанда, әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуы осы өнімді мынадай:
а) егер кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде осындай өнімді әкелу кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуын растайтын құжат қолданыстағы құжат болып табылса, осы тармақтың "б" тармақшасына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуы расталған өнімді кедендік рәсімге орналастыру жағдайын не Кеден кодексінің
246-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару;
б) еркін кеден аймағы (Кеден Кодексінің 455-бабының 1-тармағында көрсетілген еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар аумақтарында ғана). Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен айқындалуы мүмкін;
в) мемлекет пайдасына бас тарту;
г) арнайы кедендік рәсім (егер техникалық реттеу шараларын сақтау тауарлардың жекелеген санатын арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылса) кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде расталады.
6. Егер мұндай өнім:
а) декларантта Одақтың тиісті техникалық регламентінде көзделген сәйкестікті бағалау жөніндегі органмен (өнімді сертификаттау жөніндегі органмен немесе сынақ зертханасымен (орталығымен) шарт немесе осы мақсаттар үшін қажетті әкелінген өнім үлгілерінің (сынамаларының) санын растайтын сәйкестікті бағалау жөніндегі осындай органның (өнімді сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының)) хаты болған жағдайда, зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер жүргізу үшін әкелінетін (әкелінген) өнім үлгілері (сынамалары);
б) декларантта зертханааралық салыстырмалы сынақтарды (зертханааралық салғастырулар), өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді немесе калибрлеуді, эталондарды салыстыруды жүргізу туралы, осы мақсаттар үшін қажетті әкелінген өнім үлгілерінің (сынамаларының) санын растайтын шарт болған жағдайда өлшеу құралдарын зертханааралық салыстырмалы сынаулар (зертханааралық ажыратулар), салыстырып тексеру немесе калибрлеу жүргізу, эталондарды салыстыру үшін әкелінетін (әкелінген) өнім үлгілері (сынамалары);
в) осы тармақтың "а", "б" және "г" тармақшаларында көзделген зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулерді қоспағанда, мәміледе көзделген санда, салмақта немесе көлемде әкелінетін (әкелінген) (декларантта мәміленің жасалғанын растайтын құжат болған жағдайда, ал мәміле болмаған жағдайда – декларантта осындай үлгілерді (даналарды) иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжат болған кезде) және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланылатын өнімнің үлгілері (даналары);
г) осы тармақтың "а" – "в" тармақшаларында көзделген мақсаттарды қоспағанда, мәміледе көзделген мөлшерде, салмақта немесе көлемде әкелінетін (әкелінген) (декларантта мәміленің жасалғанын растайтын құжат болған жағдайда, ал мәміле болмаған жағдайда – декларантта осындай үлгілерді (даналарды) иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжат болған кезде) және өкілдік мақсаттар үшін кәдесыйлар немесе жарнамалық материалдар ретінде пайдаланылатын өнімнің үлгілері (даналары);
д) дайын өнімді шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға бұрын әкелінген не көрсетілген тұлға Одақтың кедендік аумағына әкелетін дайын өнімге қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеу үшін әкелетін (әкелген), сондай-ақ мүше мемлекеттің дайындаушысы не ол уәкілеттік берген тұлға бұрын өндірілген және айналысқа шығарылған дайын өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігі расталған, дайын өнімге қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеу үшін әкелетін, кеден органына қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді талап ететін дайын өнімнің (оның ішінде қолданылу мерзімі өткен) сәйкестігін бағалау туралы құжаттар және (немесе) осындай құжаттар туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда, қосалқы бөлшектер болып табылса, әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейді.
Коммерциялық қызмет барысында Одақтың кедендік аумағында тарату мақсатынсыз бұйымның жұмысқа қабілетті жай-күйін ұстап тұру немесе қалпына келтіру мақсатында пайдаланудағы (тозған, ақаулы, істен шыққан) осындай бөлшектерді ауыстыруға (жөндеуге) арналған жекелеген бөлшектерді қосалқы бөлшектер деп есептеген дұрыс;
е) декларантта мәміленің жасалғанын растайтын құжат болған кезде – осындай өнімді дайындаушы не ол уәкілеттік берген тұлға өнімді өндіру (дайындау) үшін декларанттың мақсаттары үшін ғана (егер Одақтың техникалық регламентінде өзгеше белгіленбесе) Одақтың кедендік аумағында өнімді өндіру (дайындау) үшін әкелінетін (әкелінген), ал мәміле болмаған кезде – декларантта осындай жиынтықтауыштарды, құрауыштарды, шикізатты және (немесе) материалдарды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжат болған жағдайда жинақтауыштар, құрауыштар, шикізат және (немесе) материалдар;
ж) Одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің (Кеден кодексінің 2-бабы 3-тармағы
2-тармақшасының түсінігінде), мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын олардың өкілдіктерінің атына әкелінетін (әкелінген) тауарлар, өзге ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің (Кеден кодексінің 2-бабы 3-тармағының 3-тармақшасының түсінігінде) кеден органына осы тауарларды тек қана осындай өкілдіктердің, мекемелердің, ұйымдардың тұтынуы (пайдалануы) туралы дәлелді өтініш берген жағдайда осындай тауарлар;
з) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен әкелінетін (әкелінген) гуманитарлық және техникалық көмек, егер бұл осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса;
и) әкелінетін тауарлардың көрсетілген мақсаттарға арналғандығы туралы кеден органына төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мүше мемлекеттің мемлекеттік органының жазбаша растауын ұсынумен расталатын, дүлей зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін қажетті тауарлар;
к) бұрын пайдалануда болған (пайдаланылған) өнім (егер Одақтың техникалық регламентінде өзгеше белгіленбесе);
л) мәмілеге сәйкес әкелінетін (әкелінетін жағдайда – мәміледе көзделген мөлшерде) (декларантта мәміленің жасалғанын растайтын құжат болған жағдайда, ал мәміле болмаған жағдайда – декларантта осындай дара дананы (детальдар жиынтығын) иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжат болған кезде) және олардың Одақтың кедендік аумағында коммерциялық қызмет барысында өтеусіз немесе өтеулі негізде таралуын болдырмайтын мұқтаждықтар үшін пайдаланылатын (егер Одақтың техникалық регламентінде өзгеше белгіленбесе) жеке өнімнің дара данасы (бұдан әрі – дара дана) не үйлесімділігі бар және олардан дара дана жасау үшін бір мақсаты бар, жеке өнімнің дара данасы элементтерінің жиынтығы (бұдан әрі – бөлшектер жиынтығы) болып табылса, әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейді. Коммерциялық қызмет барысында Одақтың кедендік аумағында таралуын болдырмайтын мұқтаждықтар үшін дара дананы (бөлшектер жиынтығын) пайдалану деп декларанттың оны өткізу, тарату, беру немесе өзге тәсілдермен иеліктен шығару, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағындағы коммерциялық қызмет барысында өтеусіз немесе өтеулі негізде тарату мақсатынсыз, тек қана өз мұқтаждықтары үшін қолдануын (пайдалануын) есептеу керек.
7. Декларанттың хабарламасы әкелінетін (әкелінген) өнімді осы Тәртіптің 6-тармағының "а" – "л" тармақшаларында көрсетілген мұқтаждықтар мен мақсаттар үшін пайдалануды растау болып табылады, ол электрондық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде немесе декларанттың қолымен және мөрімен куәландырылған, қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ұсынылады.
8. Әкелінетін (әкелінген) өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар және (немесе) олар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы Тәртіптің 6-тармағының "а" – "д" және "л" тармақшаларында көрсетілген өнімге арналған құжаттар және (немесе) мұндай құжаттар туралы мәліметтер Кеден кодексіне сәйкес кеден органына ұсынылады.
Кеден кодексінде айқындалған жағдайларда осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды кеден органына ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында олар тауарларға арналған декларацияны (тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті) беру кезінде әкелінетін (әкелінген) өнімнің декларантында болуға тиіс.
9. Әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін кеден органына ұсынылатын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар тауарларға арналған декларацияны тіркеу күніне (тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш), ал алдын ала кедендік декларациялау кезінде – кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжатты кеден органы тіркеген күнге не тауарларға арналған декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігінің жоқтығы туралы хабарламаны кеден органы тіркеген күнге жарамды болуға тиіс.
10. Осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін пайдалануға, егер:
а) осындай құжаттарда осы өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтінім беруші ретінде көрсетілген тұлға;
б) көлік құралының типін мақұлдауда (шасси типін мақұлдауда) көрсетілген тұлға (тұлғалар);
в) сәйкестікті бағалау кезінде өтінім беруші немесе сериялық өндіріс өнімі үшін техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін осындай құжаттарды пайдалануға дайындаушы уәкілеттік берген тұлға мұндай өнімнің декларанты болып табылса, жол беріледі. Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы сәйкестігін бағалау кезінде өтініш берушінің немесе дайындаушының мөрімен расталған олардың көшірмелерін көрсетілген тұлғаға беру арқылы расталады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібіне ҚОСЫМША (нысан) |
Кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестігі міндетті бағалауға жататын әкелінетін (әкелінген) өнімнің мәлімделген мұқтаждықтарда және мақсаттарда пайдаланылуын растау туралы хабарлама №__________ (декларант берген хабарламаның нөмірі)
ОСЫМЕН _____________________________
(декларанттың атауы (Т. А. Ә.))
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді
(__________________________________________________________________),
(өнімнің белгіленуі (түрі, маркасы, моделі, артикулы және т. б.))
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 6-тармағының "__" тармақшасына сәйкес әкелу туралы ХАБАРЛАЙДЫ.
__________________________________________________ ___________
(лауазымы, Т.А.Ә) (қолы)
Күні _________ МО
(болған кезде)