Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 8 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы "Қытай Халық Республикасында және Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 209 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданысы 2025 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.
2. Осы шешім күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына:
алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімінің 2-тармағына сәйкес өндіруші сертификатын ұсынған жағдайда демпингке қарсы баж алынбасын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 5 қаңтардан ерте емес күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |