Иран Ислам Республикасында және басқа мемлекеттерде тұратын, тарихи отаны - Қазақстан Республикасына қайтып келуге тiлек бiлдiрген қазақ отбасыларын /босқындарды/ ұйымдасқан түрде көшiру мақсатында қаулы етемiн:
1. 1993 жылы 10 мың отбасының көшiп келу квотасы бекiтiлсiн.
2. Тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген отандастардың қоныс аударуына байланысты мәселелердi шұғыл қарау үшiн қосымшаға сәйкес республикалық комиссия құрылсын.
Республикалық коммисия жұмысты үйлестiрудi және осы қаулының орындалу барысын бақылауды қамтамасыз ететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып келуге тiлек бiлдiрген отандастардың көшiп келуiн ұйымдастыру жөнiнде қаулы қабылдасын;
тарихи отаны - Қазақстан Республикасына қайтып келуге тiлек бiлдiрген отандастардың құқықтары мен бостандығын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы мен тиiстi мемлекеттердiң министрлiктерi, ведомстволары арасында шарттар жасасу шараларын жүзеге асырсын;
отандастардың тұрғын үй салуына және отбасыларын жайғастыруға қаржы ресурсын бөлудi қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiмен бiрлесiп, көшiп келетiн отандастарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй кооперациясын дамыту үшiн экономикалық жағдай жасасын;
Республикаға 1992 жылы қоныстанған отбасылар өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларына талдау жасасын. Оны жақсарту жөнiнде нақты шаралар қолдансын.
4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi:
отандастар отбасыларын қабылдауды, жайғастыруды қамтамасыз ететiн болсын, оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қолдансын;
бiр ай мерзiм iшiнде отбасыларды орналастыратын аудандар, шаруашылықтар және басқа елдi мекендердi белгiлейтiн болсын;
әрбiр облыста қоныс аударушыларға тұрғын үй салу, өндiрiстiк және шаруашылық қызмет үшiн бөлiнетiн жер учаскелерi анықталсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 15 сәуiрдегi
N 1184 қаулысына
қосымша
Өзiнiң тарихи отанына қайтып келуге тiлек
бiлдiрген отандастардың қоныс аударуына
байланысты мәселелердi шұғыл қарау жөнiндегi
республикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң орынбасары,
комиссия төрағасы
2. Бейсенов С.Д. - Қазақстан Республикасының
Еңбек министрi, комиссия
төрағасының орынбасары
3. Рақымжанов Н.Т. - Халықтың көшiп келуi жөнiндегi
департамент төрағасының
орынбасары, комиссия хатшысы
4. Әбiтаев Е.А. - Қазақстан Республикасы
Экономика министрiнiң орынбасары
5. Әлиақбаров Е.Қ. - Қазақстан Республикасы
Тұтынушылар қоғамдары одағы
төрағасының орынбасары
6. Ауанов М.А. - Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң орынбасары
7. Исағалиев К.И. - Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгiнiң Баспасөз,
мәдени ынтымақтастық және ЮНЕСКО
iстерi жөнiндегi басқармасы
бастығының орынбасары
8. Дудкин А.А. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкiсi төрағасының орынбасары
9. Есмұқанов Ғ.Е. - Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрiнiң
орынбасары
10. Мәшкенов А.К. - Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
орынбасары
11. Панов Ю.В. - Қазақстан Республикасы Көлiк
министрiнiң орынбасары
12. Сәрсеков Б.С. - Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрiнiң орынбасары
13. Сизов А.П. - Қазақстан Республикасының
Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi
төрағасының орынбасары
14. Тiлемiсов Қ.Х. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары, Кеден
бас басқармасының бастығы
15. Үсенов А.С. - Қазақстан Республикасы
Сауда министрiнiң орынбасары