1. Оңтүстiк Қазақстан облысының Ордабасы ауданында "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi екi ай мерзiмде:
- "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын мақсатты қаржыландыру мен орталықтандырып материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, сондай-ақ тиiстi инфрақұрылым қалыптастыруға арналған қажеттi күрделi қаржы бөлудi көздеген қаулы қабылдайтын болсын;
- Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгiнiң ұсынысын қарап,
"Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы аумағының шекарасын анықтасын; - "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы туралы ереже әзiрлеп, бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Президентi