Оңтүстiк Қазақстан облысында "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 26 мамыр N 1213

      Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидiң рухын, олардың қазақ халқының басын қосудағы, мемлекеттiгiн сақтаудағы рөлiн мәңгi есте қалдыру мақсатында және Ордабасы жерiнде болған тарихи оқиғаларға зор маңыз бере отырып, қаулы етемiн:
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының Ордабасы ауданында "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi екi ай мерзiмде:
      - "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын мақсатты қаржыландыру мен орталықтандырып материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, сондай-ақ тиiстi инфрақұрылым қалыптастыруға арналған қажеттi күрделi қаржы бөлудi көздеген қаулы қабылдайтын болсын;
      - Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгiнiң ұсынысын қарап,

"Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы аумағының
шекарасын анықтасын;
     - "Ордабасы" Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы туралы
ереже әзiрлеп, бекiтсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
            Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады