Республикалық валюта қорын мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 20 шiлде N 1300. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Республикалық валюта қорының толық көлемiнде қалыптасуын, сыртқы қарыздың дер кезiнде өтелуiн, алтын қоры мен алмас қорының пайдаланылуына бақылауды күшейтудi, бағалы металдар мен асыл тастар сатудан түсiмнiң толық келiп түсуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Республикалық валюта қорын қалыптастыру мен қаражатын пайдаланудың бағыттарын айқындау қызметi жүктелсiн. Республикалық валюта қорының қаражатын нысаналы түрде пайдалануды бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
      2. Шетелдiк инвесторлардан алынатын бонустар мен роялтилердiң барлық сомасы, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды сатудан түскен валюталық түсiм сомасы арнаулы валюталық шотқа бөлiне отырып, Республикалық валюта қорының кiрiсiне мiндеттi түрде есептелетiн болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы алатын сыртқы займдар туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан Республикасының сыртқы қарыздар лимитi мен сыртқы займға кепiлдiк лимитi шеңберiнде бекiткен Қазақстан Республикасының заем алушылары алатын Қазақстан Республикасының сыртқы займы бойынша кепiлдiгiне қол қою өкiлдiгi жүктелсiн.
      4. Алынатын шетел кредиттерiнiң көлемiн дұрыс анықтау, сондай-ақ мемлекеттiк бюджет құрамында сыртқы қарыздарды өтеу үшiн қажет валюталық қаражат көлемiне болжам жасау мақсатында министрлiктер, ведомстволар, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк концерндер мен корпорациялар, коммерциялық банктер, жергiлiктi әкiмшiлiктер, басқа да мемлекеттiк басқару органдары, кәсiпорындар мен ұйымдар сыртқы займдар /шетел кредиттерi/ жөнiнде келiсiм туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне мiндеттi ақпарат берiп тұратын болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi:
      асыл тастар мен бағалы металдарды тасымалдауға, экспедициялауға, сақтандыруға және инкассациялауға байланысты соммен жұмсалған барлық шығындарды өтей отырып пайда есебiнен бағалы металдар мен асыл тастарды алуға, сақтауға және сатуға байланысты барлық шығынның орнын жабу үшiн арнаулы қор құрсын;
      бағалы металдар мен асыл тастар қалдықтарының мөлшерi, олардың келiп түскен және сатылған көлемi туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ай сайын ақпарат берiп тұрсын;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен бағалы металдар мен асыл тастарды сатудан түскен валюталық түсiмдi Ұлттық банктiң сақтандыру, тасымалдау, ұшақ жалдау, бағалы металдар мен асыл тастарды жөнелтуге байланысты басқа да шығыстары жөнiндегi валюталық шығынды шығарып тастаған соң Республикалық валюталық қорға аударуды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi


О совершенствовании системы государственного регулирования Республиканского валютного фонда

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Президента Республики Казахстан от 20 июля 1993 г. N 1300. Утратило силу - Указом Президента РК от 4 сентября 2001 г. N 677 ~U010677

      В целях обеспечения формирования в полном объеме Республиканского валютного фонда, своевременного погашения внешнего долга, усиления контроля за использованием золотого запаса и алмазного фонда, полного поступления выручки от реализации драгоценных металлов и драгоценных камней ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Возложить на Министерство финансов и Министерство экономики Республики Казахстан функции формирования и определения направлений использования средств Республиканского валютного фонда. Контроль за целевым использованием средств Республиканского валютного фонда возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.
      2. Установить обязательное зачисление в доход Республиканского валютного фонда всех сумм бонусов и роялти, получаемых от иностранных инвесторов, а также сумм валютной выручки от реализации драгоценных металлов и драгоценных камней с выделением на специальные валютные счета.
      3. Возложить на Министерство финансов Республики Казахстан полномочия подписывать от имени Республики Казахстан соглашения о внешних займах, получаемых Республикой Казахстан, и гарантии Республики Казахстан под внешние займы, получаемые заемщиками в Республике Казахстан, в рамках утвержденных Верховным Советом Республики Казахстан лимита внешней задолженности и лимита гарантий Республики Казахстан под внешние займы.
      4. В целях достоверного определения объемов привлекаемых иностранных кредитов, а также прогнозирования в составе государственного бюджета объемов валютных средств, необходимых для погашения внешнего долга, установить обязательное представление министерствами, ведомствами, национальными компаниями, государственными концернами и корпорациями, коммерческими банками, местными администрациями, другими органами государственного управления, предприятиями и организациями информации о соглашениях по внешним займам (иностранным кредитам) в Министерство финансов Республики Казахстан и Министерство экономики Республики Казахстан.
      5. Национальному банку Республики Казахстан:
      за счет прибыли создать специальный фонд для покрытия всех затрат, связанных с приобретением, хранением и реализацией драгоценных металлов и драгоценных камней, возмещением всех расходов, произведенных в рублях и связанных с транспортировкой, экспедированием, страхованием и инкассацией драгоценных камней и драгоценных металлов;
      ежемесячно представлять в Министерство финансов Республики Казахстан информацию о размерах остатков, объемах поступлений и реализации драгоценных металлов и драгоценных камней;
      обеспечить с участием Министерства финансов Республики Казахстан перевод валютной выручки от реализации драгоценных металлов и драгоценных камней в Республиканский валютный фонд, за вычетом валютных затрат Национального банка по страхованию, транспортировке, фрахту самолета и других расходов, связанных с отправкой драгоценных металлов и драгоценных камней за границу.

               Президент
          Республики Казахстан