Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшiп, халықаралық байланыстар кеңейген жағдайда тиiстi бiлiмi бар кадрларға деген дiлгерлiк барынша өсе түстi, осыған орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердiң маңдайалды оқу орындарына оқуға жiберу мейлiнше өзектi сипат алып отыр.
Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды iрiктеудi жүзеге асыру және бiлiм саласында халықаралық байланыстарды үйлестiру мақсатында қаулы етемiн:
1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердiң маңдайалды оқу орындарында оқыту үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы белгiленсiн. Стипендиялардың мөлшерi студенттердi шетелдердiң тиiстi оқу орындарында оқыту құнының деңгейiнде көзделсiн.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажеттi валюта қаражатын бөлетiн болсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470
Жарлығымен
.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1997.03.03. N 3375
жарлығымен
.
3. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008.02.08. N 531 Жарлығымен.
4. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi
Республикалық комиссияның
қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрлiгiне
жүктелсiн.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470
Жарлығымен
, 2005.05.04. N 1569
Жарлығымен
.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470
Жарлығымен
.
Қазақстан Республикасының
Президентi