Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшiп, халықаралық байланыстар кеңейген жағдайда тиiстi бiлiмi бар кадрларға деген дiлгерлiк барынша өсе түстi, осыған орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердiң маңдайалды оқу орындарына оқуға жiберу мейлiнше өзектi сипат алып отыр.
      Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды iрiктеудi жүзеге асыру және бiлiм саласында халықаралық байланыстарды үйлестiру мақсатында қаулы етемiн:

      1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердiң маңдайалды оқу орындарында оқыту үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы белгiленсiн. Стипендиялардың мөлшерi студенттердi шетелдердiң тиiстi оқу орындарында оқыту құнының деңгейiнде көзделсiн.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажеттi валюта қаражатын бөлетiн болсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470 Жарлығымен .
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1997.03.03. N 3375 жарлығымен .

      3. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008.02.08. N 531 Жарлығымен.

      4. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470 Жарлығымен , 2005.05.04. N 1569 Жарлығымен .
      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470 Жарлығымен .

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады