Жауап алу органының мiндеттерi берiлген салық милициясының
құрылуына байланысты және "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң салық қызметi туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының (Күшi жойылған -
U952367_
) /Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 139-бап/
10-бабына сәйкес қаулы етемiн:
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналып көзделген
еңбекке ақы төлеу шарттары мен жеңiлдiктер Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық милициясының қызметкерлерiне
қолданылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi