1. Президенттiң Аймақтардағы өкiлдерi тобының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы таратылатын Бас бақылау инспекциясының негiзiнде Президент Аппаратының құрылымында Ұйымдастыру-бақылау басқармасы құрылсын.
Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
2. Мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 мамырдағы N 1706 Қаулысында:
3-тармақтағы "Бас бақылау инспекциясының төрағасын және" деген сөздер алынып тасталсын.
Қаулының қосымшасы "ұйымдастыру-бақылау басқармасы" деген сөздермен толықтырылып, одан "Бас бақылау инспекциясы" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 28 қазандағы
N 1954 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты туралы Ережеде: 3-тармақтағы "бөлiмдер мен" деген сөздер "бөлiмдердiң, басқармалардың және" деген сөздермен алмастырылсын; 4-тармақтағы "бөлiмдер" деген сөз "бөлiмдер, басқарамалар" деген сөздермен алмастырылсын; 5-тармақтағы "бөлiмдерi" деген сөз "бөлiмдерi, басқармалары мен деген сөздермен алмастырылсын. Қазақстан Республикасының Президентi