Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының құрылымын iшiнара өзгерту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 ақпан N 2038. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.20. N 2565 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Президенттiң Аймақтардағы өкiлдерi тобының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы таратылатын Бас бақылау инспекциясының негiзiнде Президент Аппаратының құрылымында Ұйымдастыру-бақылау басқармасы құрылсын.
      Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
      2. Мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 мамырдағы N 1706 Қаулысында:
      3-тармақтағы "Бас бақылау инспекциясының төрағасын және" деген сөздер алынып тасталсын.
      Қаулының қосымшасы "ұйымдастыру-бақылау басқармасы" деген сөздермен толықтырылып, одан "Бас бақылау инспекциясы" деген сөздер алынып тасталсын.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 28 қазандағы

N 1954 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Аппараты туралы Ережеде:
     3-тармақтағы "бөлiмдер мен" деген сөздер "бөлiмдердiң,
басқармалардың және" деген сөздермен алмастырылсын;
     4-тармақтағы "бөлiмдер" деген сөз "бөлiмдер, басқарамалар" деген
сөздермен алмастырылсын;
     5-тармақтағы "бөлiмдерi" деген сөз  "бөлiмдерi, басқармалары мен
деген сөздермен алмастырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
            Президентi
       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады