Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын
U952329_
жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының заңдары "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерi осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
"Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн қолданылып жүрген заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсынысты табыс етсiн;
республика Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкестендiрсiн;
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң қайта қаралуын және күшi жойылуын қамтамасыз етсiн;
мiндеттi медициналық сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн, оларды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын ұстауға және дамытуға жұмсалатын мiндеттi медициналық сақтандыру төлемдерiнiң аударымдардың мөлшерiн;
аумақтардың азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандыру
жағдайында жұмыс iстеуге кезең-кезеңiмен көшу тәртiбiн; мiндеттi медициналық сақтандыру шарттарын жасау тәртiбiн; Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ уақытша болатындарды мiндеттi медициналық сақтандыру тәртiбiн; мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын бекiтсiн. 3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiн ұйымдастырсын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi