"Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 2330 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын U952329_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының заңдары "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерi осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн қолданылып жүрген заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсынысты табыс етсiн;
      республика Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкестендiрсiн;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң қайта қаралуын және күшi жойылуын қамтамасыз етсiн;
      мiндеттi медициналық сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн, оларды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын ұстауға және дамытуға жұмсалатын мiндеттi медициналық сақтандыру төлемдерiнiң аударымдардың мөлшерiн;
      аумақтардың азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс iстеуге кезең-кезеңiмен көшу тәртiбiн; мiндеттi медициналық сақтандыру шарттарын жасау тәртiбiн; Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ уақытша болатындарды мiндеттi медициналық сақтандыру тәртiбiн; мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын бекiтсiн. 3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiн ұйымдастырсын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады