Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының шешімдеріне берілген шағымдар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2000 жылғы 23 ақпан N 122

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" U952694_ Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының 50-бабына және Жоғары Сот Кеңесінің қорытындыларына сәйкес:
      1. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы Д.А. Тарановтың шағымын қанағаттандырудан бас тартылсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының 1999 жылғы 29 шілдедегі оған сөгіс жариялау түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешімі күшінде қалдырылсын.
      2. Жамбыл облыстық сотының төрағасы М.Т. Әлімбековтің шағымын қанағаттандырудан бас тартылсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының 1999 жылғы 9 желтоқсандағы Жамбыл облыстық соты шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ. Баймолдинге қатысты іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі күшінде қалдырылсын.
      3. Ақтөбе қалалық сотының судьясы Б.Н. Набатовтың шағымы

 

қанағаттандырылсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік

алқасының 1999 жылғы 10 қарашадағы оған ескерту түрінде тәртіптік жаза

қолдану туралы шешімінің күші жойылсын және істің жүргізілуі тоқтатылсын.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Икебаева Ә.Ж.






О жалобах на решения дисциплинарной коллегии Верховного Суда Республики Казахстан

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 23 февраля 2000 года № 122

      В соответствии со статьей 50 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, U952694_ "О судах и статусе судей в Республике Казахстан" и заключениями Высшего Судебного Совета:
      1. Отказать в удовлетворении жалобы судьи Октябрьского районного суда г. Караганды Таранова Д.А. Решение дисциплинарной коллегии Верховного Суда Республики Казахстан от 29 июля 1999 года о наложении на него дисциплинарного взыскания в виде выговора оставить в силе.
      2. Отказать в удовлетворении жалобы председателя Жамбылского областного суда Алимбекова М.Т. Решение дисциплинарной коллегии Верховного Суда Республики Казахстан от 9 декабря 1999 года о прекращении производства по делу в отношении председателя судебной коллегии по хозяйственным делам Жамбылского облсуда Баймолдина К. оставить в силе.
      3. Удовлетворить жалобу судьи Актобинского городского суда Набатова Б.Н. Отменить решение дисциплинарной коллегии Верховного Суда Республики Казахстан от 10 ноября 1999 года о наложении на него дисциплинарного взыскания в виде замечания и производство по делу прекратить.
 

     Президент

Республики Казахстан