"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" U952694_ Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының 50-бабына және Жоғары Сот Кеңесінің қорытындыларына сәйкес:
1. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы Д.А. Тарановтың шағымын қанағаттандырудан бас тартылсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының 1999 жылғы 29 шілдедегі оған сөгіс жариялау түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешімі күшінде қалдырылсын.
2. Жамбыл облыстық сотының төрағасы М.Т. Әлімбековтің шағымын қанағаттандырудан бас тартылсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының 1999 жылғы 9 желтоқсандағы Жамбыл облыстық соты шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ. Баймолдинге қатысты іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі күшінде қалдырылсын.
3. Ақтөбе қалалық сотының судьясы Б.Н. Набатовтың шағымы
қанағаттандырылсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік
алқасының 1999 жылғы 10 қарашадағы оған ескерту түрінде тәртіптік жаза
қолдану туралы шешімінің күші жойылсын және істің жүргізілуі тоқтатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.