Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.07.26 № 128 Жарлығымен.
1. Қазақстан-Ресей қатынастарын одан әрi дамыту және екi жақты байланыстарды кеңейту мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасындағы Ресей жылы өткiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасындағы Ресей жылын өткiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестіру үшiн ұйымдастыру комитеті құрылсын және оның қоса беріліп отырған құрамы бекiтiлсiн.
3. Ұйымдастыру комитетi Қазақстан Республикасындағы Ресей жылын өткiзуге байланысты iс-шараларды дайындау және iске асыру мақсатында Ресей Федерациясының тиiсті ұйымдастыру комитетiмен өзара iс-қимылды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
ұйымдастыру комитетiнiң жұмысына қажеттi жәрдем көрсетсін;
Қазақстандағы Ресей жылының iс-шараларын уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкімшiлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 433 өкімімен бекітілген
2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылын өткiзу жөніндегі
Қазақстан Республикасы ұйымдастыру комитетiнің
Құрамы
Ескерту: Ұйымдастыру комитетiнiң құрамына өзгертулер енгізілді
- ҚР Президентінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 467 өкімімен .
Тасмағамбетов Иманғали - Қазақстан Республикасы Президентi
Нұрғалиұлы Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға,
Мыңбаев Сауат - Қазақстан Республикасы Премьер-
Мұхамбетбайұлы Министрiнiң орынбасары, төрағаның
орынбасары,
Әбдiманапов Сәрсенғали - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Әбдiғалиұлы ұлттық университетiнiң ректоры,
Мансұров Тайыр - Солтүстiк Қазақстан облысының
Аймұхаметұлы әкiмi,
Шөкеев Өмiрзақ - Астана қаласының әкiмi;
Естайұлы
Оңжанов Нұрлан - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Баймолдаұлы вице-министрi - Тәуелсiз мемлекеттер
достастығы iстерi жөнiндегi комитет
төрағасы, хатшы
Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi:
Абдрахманов Сауытбек - Қазақстан Республикасының Ақпарат
министрi
Байгелди Өмiрбек - Қазақстан Республикасы Парламентi
Сенаты Төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бунаков Юрий - Қазақстан Орыс қауымдастығының басшысы
Захарович (келiсiм бойынша)
Двуреченский Валентин - "Заречное" республикалық мемлекеттiк
Иванович коммуналдық кәсiпорынының директоры
(келiсiм бойынша)
Ежиков-Бабаханов - "Монтажарнайықұрылыс" компаниясы"
Евгений Георгиевич ЖАҚ президентi (келiсiм бойынша)
Жақсыбеков Әділбек - Қазақстан Республикасының Индустрия
Рыскелдіұлы және сауда министрi
Зверьков Вадим - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Павлович вице-министрi
Карин Ерлан - Орталық Азия саяси зерттеулер
Тынымбайұлы агенттiгiнің директоры
Ким Владимир - "Қазақмыс" корпорациясы" ААҚ
Сергеевич директорлар кеңесiнiң төрағасы -
президентi (келiсiм бойынша)
Коржова Наталья - Қазақстан Республикасы Экономика және
Артемовна бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Көпеев Мұхамбет - Қазақстан Республикасы Парламентi
Жұманазарұлы Мәжiлiсi Төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Көшербаев Қырымбек - Қазақстан Республикасының Ресей
Елеуұлы Федерациясындағы Төтенше және Өкiлеттi
Елшiсi
Қалетаев Дархан - Қазақстан Республикасы Президентi
Аманұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат басқармасының
Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Қанағатов Елсияр - Қазақстан Республикасының Туризм және
Баймұхамедұлы спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
орынбасары
Қасейiнов Дүйсен - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Қорабайұлы министрі
Құлекеев Жақсыбек - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Әбдрахметұлы ғылым министрi
Матюхин Анатолий - "Әдiлет" Жоғары құқық мектебiнің
Алексеевич ректоры (келiсiм бойынша)
Нағманов Қажымұрат - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Ыбырайұлы коммуникациялар министрi
Назарбаева Дариға - "Хабар" агенттiгi" ЖАҚ директорлар
Нұрсұлтанқызы кеңесiнің төрайымы (келiсiм бойынша)
Сәрсенов Рашид - "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ директорлар
Темiрболатұлы кеңесiнің төрағасы (келiсiм бойынша)
Тілеубердин Алтай - Қазақстан Республикасының Премьер-
Абылайұлы Министрi Кеңсесiнiң басшысы
Храпунов Виктор - Алматы қаласының әкiмi
Вячеславович