Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 128 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 2, 13-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі кіреді.
      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Бәйменов                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әлихан Мұхамедияұлы        қызмет істері агенттігінің төрағасы,

Дауылбаев                - Қазақстан Республикасының Бас
Асхат Қайзоллаұлы          прокуроры,

Қасымов                  - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет                министрі
Нұрмұханбетұлы

Шпекбаев                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Алик Жатқамбайұлы          Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі
                           бөлімінің меңгерушісі;

мына:

«Саудабаев               - Қазақстан Республикасының
Қанат Бекмырзаұлы          Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
                           Республикасының Сыртқы істер министрі,
                           төраға»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Саудабаев               - Қазақстан Республикасының
Қанат Бекмырзаұлы          Мемлекеттік хатшысы, төраға»;

      көрсетілген Комиссия құрамынан С.Н.Баймағанбетов, Қ.Ә.Мәми, Қ.А.Нұрпейісов шығарылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат; 2004 ж., № 15, 183-құжат; 2005 ж., № 21, 247-құжат; 2006 ж., № 20, 195-құжат, 2007 ж., № 1, 1-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Амандықов Қайрат         - Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы
Яһудаұлы                   төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Қасымов                  - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханұлы    министрі

Александр                - Қазақстандағы Астана және Алматы
(Могилов                   Орыс православие шіркеуінің
Александр Геннадьевич)     архиепископы (келісім бойынша),

Өтегенов                 - «Қазақстан Республикасының Ауғаныстан
Шәріпбай Әбдумәлікұлы      және жергілікті соғыстар ардагерлері
                           одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
                           (келісім бойынша);

      мына:

«Нұрғалиева              - Алматы заң академиясының ректоры
Еңлік Нұрғалиқызы         (келісім бойынша)»,

«Смолин                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Анатолий Сергеевич         Сотының қадағалау алқасының төрағасы»

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

«Нұрғалиева              - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Еңлік Нұрғалиқызы          унивеситетінің азаматтық іс жүргізу
                           және еңбек құқығы кафедрасының
                           меңгерушісі (келісім бойынша),

Смолин                   - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Анатолий Сергеевич         Сотының судьясы»;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Л.Н.Мартынов, Мефодий (Н.Ф.Немцов), Б.М.Сапарбаев, О.А.Федоров шығарылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат; 2006 ж., № 41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат, № 56, 467-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің құрамында (қызметі бойынша) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі».
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Наубетова Рашида         - Қазақстан Республикасы Президенті
Аронқызы                   Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор
                           меңгерушісі - Қазақстан Республикасы
                           Президентінің жанындағы Әйелдер істері
                           және отбасылық-демографиялық саясат
                           жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының
                           меңгерушісі, хатшы,

Асанов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жақып Қажманұлы            Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),

Злой                     - «Қазақстан Парламентінің Жастар Мәжілісі»
Анатолий Васильевич        республикалық қоғамдық бірлестігі
                           төрағасының бірінші орынбасары (келісім
                           бойынша),

Ибрагимова               - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Ләззат Еркінқызы           басқарма төрайымы (келісім бойынша),

Қалтаева                 - «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы»
Ләззат Молдабекқызы        қоғамдық бірлестігінің төрайымы
                           (келісім бойынша),

Құрманғалиева Жанна      - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Дулатқызы                  министрлігінің жауапты хатшысы,

Сәрсембаева              - «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы»
Раушан Біргебайқызы        республикалық қоғамдық бірлестігінің
                           президенті (келісім бойынша),

Сухорукова               - Қарағанды қаласының «Шахтер»
Наталья Евгеньевна         стадионы» ҚҚКК директоры;

      мына:

«Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы          кеңесшісі, төрайым»,

«Құрманбаева             - М.Әуезов атындағы Семей мемлекеттік
Шырын Асылханқызы          университетінің президенті
                           (келісім бойынша)»,

«Мұсақожаева             - Қазақ ұлттық музыка акдемиясының
Айман Қожабекқызы          ректоры (келісім бойынша)»,

«Тұтқышев                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Бексұлтан Серікбайұлы      Сенатының депутаты (келісім бойынша)»,

«Шәукенова               - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Зарема Каукенқызы          университеті философия және саясаттану
                           факультетінің деканы (келісім бойынша)»

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

«Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы          халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                           төрайым»,

«Құрманбаева             - Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық
Шырын Асылханқызы          университетінің ректоры
                           (келісім бойынша)»,

«Мұсақожаева             - Қазақ ұлттық өнер университетінің
Айман Қожабекқызы          ректоры (келісім бойынша)»,

«Тұтқышев                - «Республикалық диагностикалық
Бексұлтан Серікбайұлы      орталық» АҚ дикторлар кеңесінің
                           төрағасы (келісім бойынша)»,

«Шәукенова               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Зарема Каукенқызы          жанындағы Қазақстандық стратегиялық
                           зерттеулер институты директорының
                           орынбасары»;

      көрсетілген Комиссия құрамынан Б.К.Байқадамов, Г.К.Даржұманова, А.Г.Дерновой, Ж.К.Жүкенов, Д.В.Клебанова, Н.Б.Новодворская, Ю.К.Шоқаманов шығарылсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы осы өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      7. Күші жойылды - ҚР Президентінің 03.02.2016 № 188 Жарлығымен.
      8. «Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 50, 638-құжат; 2007 ж., № 6, 69-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 56, 534-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

Мусин                    - Қазақстан Республикасы Президенті
Аслан Есболайұлы           Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Абайділдин               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Мұқашев                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Рахмет Желдібайұлы         Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық
                           реформа комитетінің төрағасы
                           (келісім бойынша);

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіреді.».

Қазақстан Республикасы     
Президентінің          
2011 жылғы 26 шілдедегі    
№ 128 Жарлығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасы    
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістерге  
1-ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2002 жылғы 29 наурыздағы 
№ 829 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Саудабаев                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы          хатшысы, Комиссия төрағасы

Қасымбеков               - Қазақстан Республикасы Президенті
Махмұт Базарқұлұлы         Кеңсесінің бастығы, Комиссия төрағасының
                           орынбасары

Көшкінов                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Ержан Сүлейменұлы          Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Комиссия
                           хатшысы

      Комиссия мүшелері:

Исақұлов                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ержан Бекбауұлы            Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сүлейменов               - Республикалық ардагерлер ұйымы
Қайырбек Шошанұлы          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) 

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлан Ілиясұлы            Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет министрі кіреді.

Қазақстан Республикасы     
Президентінің          
2011 жылғы 26 шілдедегі    
№ 128 Жарлығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасы    
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістерге  
2-ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы   
Президентінің        
2008 жылғы 1 шілдедегі   
№ 625 Жарлығымен      
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ

Әбдірахымов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы    Кеңсесінің Басшысы, төраға

Әбенов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мұрат Абдуламитұлы         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Байманов                 - «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ
Шахмардан Асқарұлы         атқарушы директоры (келісім бойынша)

Бескемпіров              - Қазақстан Студенттер альянсінің
Шыңғыс Жұмағалиұлы         лидері (келісім бойынша)

Бишімбаев                - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Қуандық Уәлиханұлы         қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

Дмитриенко               - «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары
Елена Александровна        одағы» ҚБ президенті (келісім бойынша)

Ержанова                 - «Sіfе-Қазақстан» ЖҚ президенті
Альбина Мейірбекқызы       (келісім бойынша)

Желдібай                 - «Ел арна» телеарнасының «Азамат»
Руслан Сұлтанұлы           жастар парламенті» бағдарламасының
                           жүргізушісі (келісім бойынша)

Жұмин                    - «Арех Соnsult» консалтингтік компанияның
Данат Есболұлы             әріптесі және аға кеңесшісі, «Қазақстан
                           Республикасы Президентінің «Болашақ»
                           халықаралық стипендиясы стипендианттары
                           қауымдастығы» ҚБ мүшесі (келісім бойынша)

Қаржаубаева              - «Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Шолпан Естемесқызы         проблемаларының ұлттық орталығы» РМК
                           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Өрсариев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Арын Амангелдіұлы          жанындағы Мемлекеттік басқару
                           академиясының ректоры

Өтешев                   - «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар
Нұрлан Сүлейменұлы         қанатының атқарушы хатшысы (келісім
                           бойынша)

Палаев                   - «Астана-Полюс-СТ» бірлескен
Василий Владимирович       қазақстан-ресей кәсіпорны ЖШС
                           директоры (келісім бойынша)

Сәдуақасов               - Шахматтан халықаралық
Дәрмен Қанатұлы            гроссмеистер (келісім бойынша)

Салиходжаев              - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының
Ескендір Валжанұлы         республикалық штабының атқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

Саясат Нұрбек            - «Халықаралық бағдарламалар орталығы»
                           АҚ президенті

Суентаев                 - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Дамир Серікбайұлы          корпоративтік даму департаментінің
                           директоры

Сыздықова                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Бақыт Ахметқызы            Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Төлегенова               - «Қазақстан Республикасы Президентінің
Жанна Викторовна           «Болашақ» халықаралық стипендиясы
                           стипендианттары қауымдастығы» ҚБ атқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

Хаматдинова              - «Қазақстан азаматтық альянсы» ЗТБ
Алина Наилқызы             атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қоршаған ортаны қорғау, Мәдениет, Туризм және спорт, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры кіреді.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 128 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 3041 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 238-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесінің құрамында өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 3641 Жарлығы.
      3. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесінің құрамында өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3987 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 19, 168-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 3041 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 376 Жарлығы.
      5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алқа мүшелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 3893 өкімі.
      6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесінің құрамында өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 қарашадағы № 173 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 51, 580-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесінің құрамында өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 шілдедегі № 227 өкімі.
      8. «Қазақстандағы Ресей жылын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 433 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 50, 571-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 433 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 мамырдағы № 467 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 22, 277-құжат).
      10. «Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші съезін әзірлеу мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 300 өкімі.
      11. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асырудың тиімділігін көтеру жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 314 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 174-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады