Атқарушы өкiмет органдары басшыларының iссапарлары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 1 қаңтардағы N 2750

      1. Басшы кадрлардың жауапкершiлiгiн арттыру және олардың iссапарларын реттеу мақсатында Премьер-Министрдiң орынбасарларының, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де атқарушы органдар басшыларының, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының, облыстар әкiмдерiнiң республикадан тыс жерлерге жол жүруi, сондай-ақ әкiмдердiң астанаға жол жүруi Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң рұқсатымен ғана жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Келiсу Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Үкiметi Аппаратының Басшысы арқылы жүргiзiледi.
      2. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың әкiмдерi жергiлiктi атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерiн iссапарға жiберу тәртiбiн анықтайтын болсын.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (С.Т.Тұрсынов) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына (Е.Ә.Өтембаев) жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi


О командировках руководителей органов исполнительной власти

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 января 1996 г. N 2750

      1. В целях повышения ответственности руководящих кадров и упорядочения их командировок установить, что выезд заместителей Премьер-Министра, руководителей министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов, руководителей государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики, акимов областей за пределы республики, а также выезд акимов в столицу осуществляется только с разрешения Президента Республики Казахстан и Премьер-Министра Республики Казахстан. Согласование производится через Руководителя Администрации Президента Республики и Руководителя Аппарата Правительства.
      2. Руководителям министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов, а также руководителям государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики, акимам областей определить порядок командирования ответственных работников местных исполнительных органов.
      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан (Турсунов С.Т.) и Аппарат Правительства Республики Казахстан (Утембаев Е.А.).
     Президент
Республики Казахстан