1. Басшы кадрлардың жауапкершiлiгiн арттыру және олардың
iссапарларын реттеу мақсатында Премьер-Министрдiң орынбасарларының,
министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де атқарушы органдар
басшыларының, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп
беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының, облыстар әкiмдерiнiң
республикадан тыс жерлерге жол жүруi, сондай-ақ әкiмдердiң астанаға
жол жүруi Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң рұқсатымен ғана жүзеге асырылады
деп белгiленсiн. Келiсу Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы
мен Үкiметi Аппаратының Басшысы арқылы жүргiзiледi.
2. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық
атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ Республика Президентiне
тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың
басшылары, облыстардың әкiмдерi жергiлiктi атқарушы органдардың
жауапты қызметкерлерiн iссапарға жiберу тәртiбiн анықтайтын болсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (С.Т.Тұрсынов) және Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына (Е.Ә.Өтембаев) жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi